Ағылшын тіліндегі сайыс өтті

630
0
Бөлісу:

Халықаралық білім беру корпорациясы жалпы білім беру факультетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында шара өткізді.
Ағылшын тілі секциясы мұғалімдері Л.Нағиятова және А.Нұрғалиеваның ұйымдастыруымен өткен «Қазақстан халықтарының рухани дамуының тарихи негіздері» атты интеллектуалды викториналық шараға Жалпы құрылыс факультетінің 1-2 курс студенттері, сондай-ақ Дизайн факультетінің студенттері қатысты.

Соңғы турда «Үздік капитан» атағы үшін топ басшылары арасында сайыс өтті. Бірінші орынға Стр-16-4 тобының капитаны Әли Мыңжасар ие болды. Екінші орынды Стр-16-10 тобының же­тек­шісі Айбек Жолдасқалиев және үшін­ші орынды Стр-17-9 тобының ко­ман­да капитаны Қасым Еділбаев иеленді.
Үштілді қазылар алқа мүшелері – Еркін Масанов, философия ғылымда­рының PhD профессоры, ағыл­шын тілі мұғалімі, ЖББФ про­фессоры Сәуле Беркімбаева, сондай-ақ, Жалпы білім беру факультетінің оқу-әдістемелік жұмысының жетекшісі А.Нүсіпова әділ бағасымен ойынға қатысушылардың да, жанкүйерлердің де ойынан шыға білді.

Л.НАҒИЯТОВА,
Филология ғылымының кандидаты

Бөлісу:

Пікір жазу


*