Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: «Жас Отанның» мақсаты – Қазақстан жастарын біріктіру

1196
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевты қабылдады.
Кездесуде Қазақстан Президентіне партияның қазіргі қызметі жөнінде мәлімет беріліп, «Жас Отан» Жастар қанатының IV съезінің қоры­тын­дылары туралы баяндалды.
Елбасы мемлекеттік саясатты іске асыру үдерісінде партияның жастар қанаты маңызды миссия атқара­тынын айтты.
– «Жас Отан» Жастар қанатының съезі табысты өтті. Менің тапсырмама сәйкес, жастар арасында саяси жұмыстар жүргізілуге тиіс. «Жас Отанның» мақ­саты – Қазақстан жастарының бәрін біріктіру, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Кездесу барысында Мәулен Әшімбаев съездің қорытындысы бойынша қол жеткізілген нәти­желерге тоқталды.
– ІV съезге барлық облыстар мен өңірлерден 1500-ден астам делегат қатысты. Форумның бірін­ші күні партияның конференциясы және арнайы бес панельді сессия өтті, – деді «Нұр Отан» пар­тиясы Төрағасының бірінші орынбасары.
Бұдан бөлек, М.Әшімбаев Нұрсұлтан Назарбаевқа стратегиялық мемлекеттік және салалық бағдарла­ма­ларды, соның ішінде «Рухани жаңғыру» және «Цифрлы Қазақстан» бағдар­ла­маларын жүзеге асыру үдерісіне партияның атса­лысуы туралы баяндады.
Сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мемлекет басшысына пар­тияның кадрлық резервін қалыптастыру барысы жөнінде мәлімдеді.
Кездесу соңында Елбасы партияның түрлі бағыттағы жұмысын жандандыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*