Ағылшын тілін үйрету – уақыт талабы

1248
0
Бөлісу:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевті қабылдады. Кездесуде Мемлекет басшысына Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы жөнінде есеп берілді.

Нұрсұлтан Назарбаев білім беру жүйе­сі еліміздегі саяси, экономикалық жә­не әлеуметтік реформаларды жүзеге асыру ісінде ерекше рөл атқаратынын атап өтті.
– Біз іске асырып жатқан барлық бағ­дарламалық құжаттарда, соның ішін­де Қазақстан халқына арналған «Төр­тінші өнеркәсіптік революция жағ­дайындағы дамудың жаңа мүм­кін­дік­тері» атты биылғы Жолдау мен «Ру­ха­ни жаңғыру» бағдарламасында, сон­дай-ақ цифрландыру барысында білім бе­ру ісіне зор мән берілген. Мектепте-гі бі­лім берудің сапасы осы баста­ма­лар­дың табысты жүзеге асырылуының ке­пілі болып саналады, – деді Қазақ-стан Президенті.
Мемлекет басшысы еліміздің білім бе­ру жүйесіндегі реформалардың уақы­ты­лы жүргізіліп жатқанын айтып, жеке­ле­ген пәндерді ағылшын тілінде оқы­ту­ға көшу үдерісіне ерекше тоқталды.
– Пәндерді ағылшын тілінде оқыту жо­ғары сынып оқушылары арасында жүр­гізіледі. Балаларға ағылшын тілін қа­зір үйретпесек, келешекте олардан кә­сіби мамандар даярлай алмаймыз. Бұл – уақыт талабы. Ата-аналар мұны дұ­рыс түсінуге тиіс. Бұл ретте қазақ ті­лін оқытуды да ұмытпауымыз керек, – деді Елбасы.
Кездесуде Білім және ғылым ми­нистрі мемлекеттік және салалық бағ­дарламалар аясында министрлік алдына қойылған міндеттердің орындалу бары­сы жөнінде мәлімдеді.
Е.Сағадиев мектепке дейінгі білім беру жүйесін жетілдіру бағытында атқа­ры­лып жатқан жұмыстың аралық нәти­желері жөнінде баяндады.
– 2018 жылы мектепке дейінгі білім беру­мен қамту көрсеткіші 95 пайызға же­теді. Негізінен, бұл жеке балабақ­ша­лар құрылысының есебінен жүргізіліп отыр. 2019 жылдан бастап ерте жетілудің бірың­ғай стандарттары енгізіледі. Сон­дай-ақ балабақша кезегіне мобильдік құрыл­ғыларды қолдану арқылы да тұру­ға болатынын айтып өткен жөн, – деді Бі­лім және ғылым министрі.
Сонымен бірге, Е.Сағадиев Қазақ­стан Президентіне мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептерінің тә­жірибесі бойынша жаңа мазмұнға кө­шірудің нәтижелері жөнінде айтты.
Білім және ғылым министрі жекеле­ген пәндерді ағылшын тілінде оқыту үшін мұғалімдер даярлау барысы жөнін­де мәлімдеді.
– 2016 жылы ағылшын тілінде 2 мың ға­на мұғалім сабақ берген болатын. Был­тыр 11,5 мың мұғалім тиісті ағыл­шын курсынан өтуге өтініш білдіріп, олар­дың 3 мыңға жуығы даярлығын аяқ­тап, сабақ беруге кірісті. 8 мың мұға­лім оқуын жалғастырып, қажетті дең­гейге ауысуда. Осылайша, 2019 жылы 13,5 мың мұғалім төрт пәнді ағылшын ті­­­лін­де беруді бастайды, – деді Е.Са­ғадиев.
Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*