БІР ЖЫЛДА НЕ БІТТІ?

1100
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарыққа шыққалы 1 жыл болды. Осы ке­зеңдерге дейін еліміздегі жүзеге асы­рылған реформалар мен стратегиялық бағд­арламалардың бәрі де саяси-әлеу­меттік, экономикалық бағытқа құрылған бола­тын. «Ең бірінші экономика, содан кейін саясат» деген басқару жүйесін Ел­басы текке негіздемесе керек. Ес жиып, етек жабар кезеңге келгенде рухани жаң­ғырудың сәті туғанын жариялады. Бір жылда не бітті? Не бітірдік?

Тәуелсіздіктің ширек ғасырдан астам уақыты қаншама қиындықтарға, шешуі қиын шиеленістер мен күрмеуі күрделі әлеуметтік жә­не ұлттық мәселелер жиынтығынан тұра­ды. Президенттің алты бағдарламаны қам­ти­тын мақаласында біздің дамуымыздың негізгі ба­ғыттары болуға тиіс алғышарттар нақты көр­сетілген. Елбасы «ХХ ғасырдағы батыстық жаң­ғыру үлгісінің бүгінгі заманның бол­мы­сына сай келмеуінің сыры неде?» деген сауал­ды жалпы бұқараға қоя отырып, «Мен еліміз мық­ты әрі жауапкершілігі жоғары біртұтас ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басаты­ны­мыз және бұқаралық сананы қалай өзгер­теті­ні­міз туралы көзқарастарымды ортаға салуды жөн көрдім. Халқымның тағылымы мол та­ри­хы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлт­тық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің бе­рік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қа­лай­мын!» деген болатын. Екі тарау мен алты тармаққа, алты тапсырмаға құрылған Елбасы бағ­дарламасы – рухани кеңістігіміздің жаңа жаң­ғыруының жарқын нышанына айналды. «ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы» атты бірінші бөлімнің «Бәсекелік қабілет», «Праг­матизм», «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Бі­лім­нің салтанат құруы», «Қазақстанның рево­люциялық емес, эволюциялық дамуы», «Са­наның ашықтығы» атты алты тармақ және «Таяу жылдардағы міндеттер» атты екінші бө­лім­дегі ойлар мен идеялар – ұлттық мемле­кеттілікті нығайту мен сақтаудың айқын да нақты көрінісі.
Мақала жарық көрген бетте жұртшы­лық­тың қызу қолдауына ие болды. Ел дамуының жар­қын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсет­кен келелі ой, салиқалы пікір, батыл ұсыныс­тар аз болмады. Сананы жаңғырту, ұлттық бол­мыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы ма­қ­сат-мүдделер туралы өзекті мәселе кө­теріл­ді.
Елбасымыздың рухани жаңғыруға, ру­ха­ниятқа, білім, ғылымға маңыз беруі – ұлттың алға ілгерлеуін жылдам қарқынмен жылжы­татын қозғаушы күш. Рухани жағынан ұлт ке­мел болмайынша, заман ағымына бейімделу қиын­ға түседі. Сондықтан әрбір қазақстан­дық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасыр талап­та­рына сай болуы керек. Әсіресе, жастарымыз компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты мәселелерге мән бер­гені абзал.
Қазақстан Республикасының Президенті жа­нында Жаңғырту жөніндегі ұлттық ко­миссия 2015 жылғы 30 сәуірде инсти­ту­цио­нал­дық реформаларды іске асыру, қазақ­стан­дық қоғам мен мемлекетті одан әрі жаңғырту мақ­сатында құрылды. Президент Әкімші­лігі­нің Басшысы – Ұлттық комиссияның төра­ғасы Әділбек Жақсыбековтің төрағалық етуі­мен Президент жанындағы Қоғамдық са­на­ны жаңғырту бағдарламасын іске асыру жө­ніндегі ұлттық комиссияның бірнеше оты­рысы өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын бас­қару жөніндегі кеңсенің (Жобалық кеңсе) жә­не оның жанында жұмыс істейтін Ком­муникациялық орталық құрылды. Жобалық кең­се «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бар­лық бағыттары бойынша күллі орталық жә­не жергілікті атқарушы органдардың қыз­метін үйлестірді. Жобалық кеңсе өз жұмысын бастағалы бері министрліктер мен әкімдіктер ұсынған жобаларды қарап, пысықтады, бү­гін­де олар жүзеге асырыла басталды. «Қа­зақ­станның киелі географиясы», «Туған жер» жобаларының іске асырылуын ерекше ба­қы­лауға алу, өлкетануды дамытуға және жер­гі­лік­ті шығармашылық ұжымдарға қолдау көр­сетуді қамтамасыз ету жөнінде нақты тап­сырмалар берілді. Қазақ тілін латын әліп­биіне көшіру жобасы бойынша тиісті жұмыс тобы өнімді жұмыс істеді. «Жаңа гу­ма­ни­тарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқу­лық» жобасы аясында гуманитарлық пәндер бойын­ша біраз оқулық аударылды. Ұлттық ау­дарма бюросы бұл жұмысты жедел жүзеге асыр­ды. «Қазақстанның киелі жерлерінің геог­рафиясы» жобасы бойынша рес­пуб­ликалық деңгейдегі – 100 және өңірлік дең­гей­дегі 500 киелі нысан іріктеліп алынды. «Жаһан­дағы заманауи қазақстандық мәде­ниет» жобасы бойынша үздік туындылардың тізімі жасалды. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы бойынша Тәуелсіз еліміздің жаңа тұлғаларының есімдері анықталды.
Сонымен, бір жылда талай шаруаның ба­сы қайырылды. Санадағы серпіліс ұлты­мызды нақты мақсатқа жұмылдырды. Шын ниет­тенсек, білек сыбана кіріссек, ұлт мүддесі жо­лында бас біріктіре алатындығымызды көр­сеттік.

Нұртөре ЖҮСІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*