Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев: Денсаулық саласына бөлінген қаржы тиімді Пайдаланылуы тиіс

1092
0
Бөлісу:

Адам денсаулықтың қадірін ауырғанда біледі. «Ауырып, ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді қанша жиі айтқанымызбен, бүгінде дертіне шипа іздегендер қатары көбірек болып тұр. Бұл бір жағынан әр азаматтың өз денсаулығына ерекше көңіл бөлу мәдениетінің қалыптаса қоймағандығынан болса, екінші жағынан еліміздің денсаулық сақтау саласы өзге елдерден оқ бойы озық тұр деп айта алмаймыз. Сондықтан да болар, соңғы жылдарда халықтың денсаулық сақтау саласына қатысты аз сын айтылған жоқ. Алайда құрғақ сын бар да, мәселені тереңінен зерттеп, кемшіліктердің алдын алуға арналған объективті әрі нәтижелі жұмысқа негізделген сын бар. Бүгін Сенатта Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің ұйымдастыруымен «Үздік денсаулық сақтау ісі – дені сау ұлт» атты нәтижелі сын мен қызу талқылауға құрылған парламенттік тыңдау өтті. 

Тыңдауда әр адамның денсау­лы­ғы – ұлттың денінің саулығын құ­райтынын, ал денсаулығы мық­ты ұлт қалыптастыру мемлекеттің ең басты мақсаттарының бірі еке­нін айтқан Сенат төрағасы Қа­сым-Жомарт Тоқаев кейбір түйт­кілді мәселелерді сынға алды:
– Елімізде денсаулық сақтау мә­селелеріне үнемі ерекше мән бе­ріліп келеді. Жеткілікті заң­на­малық база қалыптастырылып, са­ланы қаржыландыру айтар­лық­тай арттырылуда. Дегенмен ай­тар­лықтай табысқа қол жеткіз­ге­німізге қарамастан, әлі күнге дейін шешімін таппаған бірқатар мәсе­лелер бар. Олар ең алдымен, ме­­дициналық қызметтің қолже­тім­ділігі мен тиімділігіне байла­ныс­ты.
Президент медициналық кө­мек көрсетудегі мемлекеттің мін­дет­темелерін қайта қарастыру қа­жеттігін бекерден атап өткен жоқ. Мәселе – тегін медициналық кө­мектің кепілдік берілген көле­мінің нақты сипатқа ие бола ал­май отырғандығында. Тегін және ақылы түрде көрсетілетін меди­ци­налық қызметтің аражігі айқын бол­мағандықтан, тұрғындар тара­пы­нан қосымша төлем жасау жағ­дайлары орын алуда. Басқаша айт­қанда, медицина саласында көр­сетілетін ақылы қызметтердің кө­лемі біртіндеп артуда. Сон­дық­тан медициналық көмектің қай түрін­ің ақылы және қай түрінің кепілдік берілген көмекке жата­тын­дығы тұрғындар үшін айқын әрі түсінікті болуы керек.
Соңғы жылдары медициналық ұйым­дар заманауи технология­лар­мен жабдықталуда. Бірақ мұн­дай жабдықтарды қолдану тәсілін мең­герген кәсіби мамандар әлі де же­тіспей отыр. Сонымен қатар қым­бат бағаға алынған техника­ның қолданылмай тұрған жағ­дай­лары жасырын емес. Медицина­лық қызметтің сапасын арттыру ме­дициналық ұйымдарды мате­риал­дық-техникалық жабдық­тау­мен, оларға заманауи техноло­гия­ларды енгізумен ғана шектел­мей­ді. Бұл, ең алдымен, дәрігерлердің кә­сіби деңгейі мен олардың тиісті дә­режеде ынталандырылуына тіке­лей байланысты. Сондықтан ме­дицина мамандарын дайындау­дың сапасы мен оларды тиісті жұ­мыс жағдайымен қамтамасыз ету – аса маңызды мәселе.
Медицина қызметкерлерінің еңбекақыларын арттыру және ын­таландырудың тиімді жүйесін қалыптастыру күн тәртібіндегі маңызды міндеттердің бірі. Үкі­мет денсаулық сақтау саласы қыз­меткерлерінің материалдық жағ­дайын жақсарту бойынша тиіс­ті шаралар қабылдауы қажет.
Мемлекет басшысының жуыр­­дағы Үндеуінде айтылған ау­қым­ды әлеуметтік жобаларды оң­тайлы жүзеге асыру азаматтар­дың, соның ішінде медицина қыз­меткерлерінің де тұрмыс жағ­дайын жақсартары анық.
Елімізде медициналық жо­ғары оқу орындары жыл сайын 4000-нан астам мамандарды даяр­лай­тынына қарамастан, осы са­лада, әсіресе ауылдық жерлерде бай­қалып отырған маман тапшы­лы­ғы бізді алаңдатады. Олардың кәсіби дайындығының сапасы да сұрақ тудыруда. Кейбір жекелеген сараптама нәтижесіне сәйкес, ме­дициналық жоғары оқу орын­да­рын бітіруші түлектердің әрбір төртіншісі ғана таңдаған маман­дығы бойынша қызмет етуде. Ме­дициналық жоғары оқу орын­да­рына қабылданатын студент­тердің санына емес, оларды дайын­дау­дың сапасына көбірек көңіл бөл­ген жөн.
Елбасы медициналық сақтан­дыру­ға өту бойынша дайындық жұ­мыстарын мұқият өткізуді тап­сырды. Естеріңізде болар, мін­детті медициналық сақтандыруды ен­гізген кезде көптеген олқы­лық­тарға жол берілген болатын. Ен­дігі кезекте бұл жұмыстың тиісті дең­гейде орындалуын қамтама­сыз ету қажет. Алдағы уақытта, тың­ғылықты дайындалып, туын­дауы мүмкін тәуекелдерге жол бер­меу керек. Бұл ретте, салаға бө­лінетін қаржыны тиімді пай­да­лану­дың маңызы орасан зор. Жұ­мыс тиісті деңгейде және тиім­ді атқарылған жағдайда ғана, ден­саулық сақтау саласына тар­тыл­ған мемлекеттік инвести­ция­лар өзін-өзі ақтайтын болады. Дү­ниежүзілік денсаулық сақтау ұйы­мы, Біріккен Ұлттар Ұйымы жә­не Дүниежүзілік банк мәлі­мет­теріне сүйене отырып, Bloomberg агенттігі жасаған рейтингке сәй­кес, әлемдегі денсаулық сақтау жүйесі үздік болып табылатын мем­лекеттердің, олардың ішінде Син­гапур, Жапония, Оңтүстік Ко­рея, Испания бұл саланы қар­жы­ландыру деңгейі жоғары деп айтуға келмейді.
Бұл мемлекеттер ресурсты тиім­ді бөлу нәтижесінде, әлде­қай­да оңтайлы көрсеткіштерге қол жеткізуге болатындығын дә­лел­деп отыр. Біз сіздермен бірле­сіп денсаулық сақтау қызметінің қолжетімділігін қамтамасыз ету ар­қылы барлық адамдардың ден­саулығы мен әл-ауқатын арт­тыру­ға бағытталған қажетті іс-ша­ралар атқаруға міндеттіміз.
Елімізде денсаулық сақтауды жо­ғары деңгейде дамытудың бар­лық мүмкіндіктері бар деп есеп­теймін.
Ең алдымен, біз медициналық қы­зметтің қолжетімділігін қам­та­масыз етіп, тиімді медициналық сақ­тандыру жүйесін қалып­тас­тыруымыз қажет. Көрсетілетін қыз­меттердің сапасын арттыруды ынталандыру үшін, осы саладағы бәсекелестіктің жандануына ба­рын­ша қолдау көрсеткен жөн.
Парламенттік тыңдау ба­ры­сында өтетін талқылаулар ұлт­тық денсаулық сақтау жүйесін же­тіл­діруге септігін тигізетініне се­нім­дімін.
Қорыта айтқанда, Сенат төра­ғасы Денсаулық сақтау министр­лі­гі Елбасы алға қойған міндет­тер­ді жүзеге асыру бойынша:

Бірінші, медициналық қызметтің қолжетімділігі мен тиімділігін қам­тамасыз ету;
Екінші, медициналық көмектің қай түрінің ақылы және қай тү­рінің кепілдік берілген көмекке жататындығы тұрғындар үшін айқын әрі түсінікті ету;
Үшінші, қымбат бағаға алынған техниканы, жабдықтарды қолдану тәсілін меңгерген кәсіби мамандар дайындау;
Төртінші, Медициналық жоғары оқу орындарына қабылданатын сту­денттердің санына емес, оларды дайындаудың сапасына көңіл ау­дару және оларды тиісті жұмыс жағдайымен қамтамасыз ету;
Бесінші, ауылдық жерлерде байқалып отырған медицина саласы ма­мандарының тапшылығын азайту;
Алтыншы, салаға бөлінетін қаржыны тиімді пайдалану;
Жетінші, және ең бастысы, Үкіметтің денсаулық сақтау саласы қыз­меткерлерінің материалдық жағдайын жақсарту бойынша тиісті ша­ралар қабылдауы қажеттігіне баса назар аударылып, нақты ба­ғыттар берілді.
Денсаулық сақтау мәселелері, оларды шешу жолдары және заң­намалық реттеудің келешегі туралы ашық пікір алмасу барысында сөз алған Денсаулық сақтау министрi Елжан Біртанов, денсаулық сақ­тау басқармаларының, ұйымдарының басшылары, тиісті мем­лекеттік органдар өкілдері, жалпы жиналған жауапты қызметкерлер Се­натта өткен парламенттік тыңдауда көтерілген мәселелерді сыни пі­кірлерді алдағы жұмыс жоспарларында талқылап, тұжырым­дай­тынын, мәселелерді шешу бойынша нақты шаралар қабылдайтынын айтып, уәде беріп тарқасты.

 

Әділбек ҚАБА

Бөлісу:

Пікір жазу


*