Балаларға мейірім керек

1242
0
Бөлісу:

Жоғарғы Сот төрағасы Ж.Асанов ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Ю.Оксамитныймен кездесті.

Кездесу барысында тараптар «Балаларға арналған сот төрелігін нығайту және олардың құқықтарын қорғау» бағдарламасын іске асыру қорытынды­ларын талқылады.
2014 жылдың маусымында басталған бағдарламаны Қазақстанда БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ) Еуропалық Одақтың қолдауымен жүзеге асыруда. Оның мақсаты – халықаралық стандарт­тарға сәйкес балаларға мейірімді сот төре­лігін құруға қолдау көрсету, заң бұзған, жәбір көрген, қылмыстың куәсі болған балалар үшін сот төрелігінің тиімді жүйесін дамыту.
Әңгіме барысында Жақып Асанов ювеналдық әділет жүйесін дамыту Қазақ­станның әлеуметтік-құқықтық саясаты­ның басым бағыты екендігін атап өтті. Ол ведомствоаралық диалогтың маңызды­лығына тоқтала келе, ын­тымақтастықты одан ары жалғастыру мақсатында бірқатар ұсыныстарын жеткізді.
Өз кезегінде, Юрий Оксамитный Қа­зақстанда ювеналдық соттарды енгізу ісін посткеңестік кеңістіктегі озық тәжіри­белердің бірі деп атады. «Кәмелетке тол­маған­дардың құқықтары мен мүдде­лерін қорғау жөніндегі сот істерін бөлек қарастыру БҰҰ-ның балалар құқықтары туралы конвенциясының басымдықтарын іске асыруға толығымен сәйкес келеді» деді ол.
Тараптар балалардың құқықтарын қорғауды дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Жоғарғы сотының, Сот төрелігі акаде­миясы мен ЮНИСЕФ-тің серік­тестік қатынастарын жаңғырту мүмкін­діктерін талқылады.

 

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*