Діни ахуал талқыланды

978
0
Бөлісу:

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы діни қызметті заңнамалық тұрғыда реттеу мәселелері бойынша бірқатар мекемелердің басшыларымен кездесу өткізді.

Жоғарғы палата басшысы еліміздегі мемлекеттік органдар мен діни бірлестіктердің ынтымақтастығы және өзара іс-қимылы ұдайы жоғары деңгейде екенін атап өтті.
Биылғы 10-11 қазанда Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидер­лерінің VI съезі барысында түрлі дін өкілдерінің өзара құрмет пен төзімділігі мәселелері қаралатын болады.
Кездесуде Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Қазақстандағы діни ахуал және діни қызмет туралы заңнаманы іске асырудағы кейбір мәселелер жайында шараға қатысушыларды хабардар етті. Мүдделі министрліктер мен мекемелер өкілдері қатысқан кеңес қорытындысы бойынша нақты ұсыныстар қабылданды.

 

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*