Елбасы елорда нысандарының құрылыс жоспарымен танысты

761
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болып, елорданы абаттандыру жөніндегі жобалардың іске асырылу барысымен, сондай-ақ қаланың инфрақұрылымдық және әлеуметтік-мәдени нысандарының құрылыс жоспарымен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаев Астанада жаңа сәу­лет және логистика ғамараттарын салу кезінде қала құрылысы сала­сын­да­ғы әлемдік жетістіктерді зерттеп, олар­­ды қолдану қажеттігін атап өтті.
Қазақстан Президенті қаладағы өмір сүру сапасы мен жайлы тұрмыс дең­гейін арттыруға бағытталған әлеу­мет­тік жобаларды іске асырудың маңыз­ды екенін айтты. Сонымен қатар Мем­лекет басшысы елорданың 20 жыл­дығына арналған мерекелік іс-шара­лар­ды ұйымдастырып, өткізу мәселесіне ба­са назар аударды.
– Біз 20 жыл ішінде Ұлы даланың дәл ортасында бүкіл әлемге танылған жаңа әсем қала тұрғыздық. Бұл қала хал­қымыздың мақтанышына айналды. Әри­не, бұл – қала әкімшілігінің, құры­лысшылардың, сәулетшілер мен осы үде­ріске атсалысқан көптеген адамның маң­дай терінің жемісі. Біз биыл елор­дамыздың 20 жылдығын тойлаймыз. Қо­нақтарымыздың бәріне елорданың жиырма жылда қол жеткізген тар­тым­ды­лығын, әсемдігін және тыныс-тір­шілігінің жоғары деңгейде екенін көр­се­туі­міз қажет, – деді Елбасы.
Сондай-ақ Астана қаласының әкімі елор­даны одан әрі дамыту және қала тұр­ғындарының өмір сүру жағдайын жақ­сартудың негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін атқарылып жатқан жұ­м­ыстар жөнінде баяндады. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тап­сырма берді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*