Елбасы жеделхат жолдады

1066
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Мысыр Араб Рес­публикасының президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисиге құттықтау жеделхатын жолда­ды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің баспасөз қызметі ха­бар­лады.

Нұрсұлтан Назарбаев Әбдел Фаттах Ас-Сисиді Мысыр Араб республикасы-ның Президенті лауазымына қайта сай­лануы­мен құттықтады.
«Бұл жеңіс – сізді мемлекеттің мүддесі мен жарқын болашағына қызмет ететін нағыз патриот және еліңіздің бірлігі мен тұрақты дамуын қамтамасыз ете алатын парасатты әрі тәжірибелі саяси көшбасшы ретінде халқыңыздың мойындауының тағы бір айқын дәлелі.
Мыңдаған жылдық көне тарихы бар Мысыр елі келешекте Сіздің басшылы­ғыңыз­бен өтпелі кезеңдегі қиыншылық­тарды еңсеріп, орнықты даму жолына тү­се­тініне сенімдімін.
Астана мен Каир арасында орнаған дос­тық қарым-қатынас бауырлас екі ха­лықтың береке-бірлігі үшін одан ары өр­кендей беруіне тілектестік білдіремін» де­лінген жеделхатта.

Бөлісу:

Пікір жазу


*