Кемерово трагедиясы: жағдай қайталанбасын десек…

1670
0
Бөлісу:

Қазақстан халқы Кемерово қаласындағы 64 адам қаза болған трагедияға қатысты қайғыларына ортақтасып, әлеуметтік желілер арқылы көңіл айтып жатыр. Сонымен қатар мұндай қайғылы жағдайдың бізде де болуы мүмкін екендігін айтып аңдаушылық білдіруде.

Кемероводағы «Зимняя вишня» сауда орталығында болған өрттен кейін еліміздің ірі қалаларындағы ха­лық көп жиналатын қоғамдық демалыс орындарында, сауда, ойын-сауық ор­талықтарында тексеру жүргізіп, өрт және басқа да техногендік апаттар ке­зінде адамдардың қауіпсізідігін қам­тамасыз ететін алдын алу шараларын жүргізу керек деген пікірлер facebook арқылы таралып жатыр. Әлеуметтік желілердегі алматылық тұрғындардың жазған ақпараттарына қарағанда, көп­теген сауда орталықтарында эска­латорлар бір бағытқа қарай қозғалады, ғимараттан шығатын бір ғана есік бар, оның өзі жартылай ғана ашылады, адам­дар апатты жағдайда пайдаланы­латын қосалқы есіктер мен баспал­дақтардың қай тұста екенін, қысыл­таяңда қалай жүру керектігін біле бермейді, өйткені олар үнемі құлып­талып жабық тұрады. Республика тұрғындары осындай жағдайларды мы­салға келтіре отырып, халық көп шоғырланатын ойын-сауық, сауда орындарына тексеру жүргізуді сұрап, Төтенше жағдайлар жөніндегі қыз­метке хат жолдады. Бірақ Қазақстан ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті «халық көп жиналатын ірі орталықтарға тексерулер календарлық жоспар бойынша, жылына бір рет қана жүргізіледі» деген жауап берді. Кемероводағы трагедияға байланысты Қазақстанда сауда, ойын-сауық ор­талықтарында жоспардан тыс тек­серулер жүргізілмейтінін мәлімдеген болатын.

Үкімет басшысы Бақытжан Сағын­таевты Кемероводағы трагедиядан сабақ алуды ұсынды. Премьер-ми­нистр ІІМ-ге өртке қарсы қызметтер мен әкімдіктерге қазақстандық сауда орталықтарын тексеруді тапсырды. Бұл мәселені бақылау Премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Маминге жүктелді. Сауда орталық­тарында және халық көп шоғырланған жерлердегі адамдардың қосымша қауіп­сіздік шаралары астаналық әкім­дікте өткен жиында қаралды.

Астанадағы сауда-ойын-сауық орта­лық­­тарының өртке қарсы қауіпсіздігін қа­ла әкімшілігі тұрақты қадағалайды. Аста­надағы 117 сауда объекті өрт болған жағ­дайда жоғары қауіпті санатына жат­қы­­зыл­ған. Оның ішінде 83 сауда үйі, 9 сау­да-ойын-сауық орталығы, 25 базар бар. Өткен жылы ерекше тәртіп бойынша 46 рет тексеру жүргізілген. Тексеру ке­зінде апатты жағдайда эвакуациялау жол­дары­ның, жарықтандырғыш электр же­ліле­рі­нің, автоматты өрт сөндіру жүйе­л­ерінің жағдайына, өрт сөндіруге сырт­тан және ғима­раттың ішінен су бе­рілу гидранттары­мен жабдықталуға қат­ты назар аударылды. Қала­дағы 9 сауда ор­талығының алтауы осын­дай тексеру­ден өткен. Сол тексерулер кезінде 3 сауда орталығынан 32 бұзушылық анықталып, жауапты адамдарға айыппұл салынды. Биыл жоспар бойынша Астана­да­ғы 50 сауда орталығына тексеру жүргі­зі­ле­­ді.
Қазір ірі қалалардағы демалыс орын­да­­ры­­на тексерулер жүргізу басталды. Ал­маты қаласының әкімі Бауыржан Бай­бек тиісті қызметтерге тапсырма бер­ді. Тексерулер­дің нәтижелері бойынша қауіп­сіздік ере­же­­лерінің бұзылғаны анық­талған, кем­ші­лік­тер табылған ұйым­дарға қатысты тиісті шаралар қол­данылады. Алматыдағы бар­лық сауда-ойын-сауық орталықтары, базар­­лар, вок­залдар, мектептер, ауруха­на­лар мен ба­лабақшалар, басқа да көпшілік жина­ла­тын орындарда өрт қауіпсіздігін тек­серу ұйымдастырылады. Қазіргі кезде Ал­ма­тыда 128 сауда-ойын-сауық орта­лы­ғы, 46 базар, 170 қонақүй мен хостел, 2 мыңнан астам қоғамдық тамақтану ны­санасы, 300-ден астам денсаулық сақ­тау орны жұмыс істейді, олардан басқа 700-ден астам балабақша, 200 орта мектеп білім беру объектісі бар. Бұларды тек­серу барысында апатты жағдайлар ке­зін­де адам­дарды эвакуациялау жолда­рын, өрт сөн­діру жүйелерінің жағдайы, ғи­марат­тар­дың су гидранттарымен жаб­дықталуы басты назарда болады.
Ресейдің Кемеров қаласындағы «Зим­няя вишня» сауда орталығында бол­­ған өрт кезінде 64 адам қаза болды деп ресми хабарлағанмен, мерт болған­дар­дың саны әлі де арта түсетін сияқты. Өйт­кені жарақаттанып ауруханаға түс­кен­дердің біразы ауыр жағдайда жатқан көрінеді. Ресейлік Telegram-канал Mash де­рек­көзі­нің хабарлауынша, қала тұр­ғын­дары митинг жасап, ресми органдар­дан қанша адамның қаза тапқаны туралы нақты ақпарат беруін талап етіп жатыр. Қа­за болғандардың отбасына көңіл айт­қан Ресей президенті В.Путин бұл тра­ге­дияға қатысты «қылмыстық немқұрай­ды­лықпен пен жауапсыздық» деген баға бер­ді. Ол Тергеу комитеті басшысынан бұ­ған қатысты барлық тұлғалардың іс-әре­кеттері тексеріп, трагедия кімнің кі­нә­сінен болға­нын анықтауды талап етті, деп жазады РИА Новости.
– Бүкіл қала үн-түнсіз… Тып-ты­ныш… Барлығы өздерімен өздері, қалың ойға шомып кеткен сияқты. Қоғамдық көлік­тегі жолаушылар бұрындғыдай бір-бірімен қалжыңдаспайды, ұрысып-керіспейді, үнсіз отырады. Мен өзім бұл жерге киноға бірде бір рет бармасам да осы ойын-сауық орталығы маған біртүрлі көңілсіз болып көрінетін, ұнамайтын… жүрегім бір жамандықты сезген сияқты, – деп бөлісті өз ойымен Кемеровода тұра­тын досым Владимир Фролов телефон­мен сөйлескенімде.
Кемерово қаласындағы ірі сауда ор­та­­лы­ғында болған өрт кезінде 57 жаста­ғы қазақ­стандық әйел қаза тапты. «Пав­ло­­дар-Водоканал» ЖШС жұмыс іс­тей­тін Ма­рина Баранова кезекті еңбек де­малы­сын алып Кемеровода тұра­тын қы­зына қонаққа барған екен. Өрт кезінде қы­зы және үш немересі бірге болған, бар­лығы сол жерде қаза тап­қан. «Пав­ло­дар-Водока­нал» ЖШС бас­шысы Свет­лана Андреева­ның мә­лім­деу­інше, өрт ке­зінде қайтыс бол­ған қа­зақстандық Ма­ри­на Баранованы 28 наурыз күні
Ке­ме­р­о­во­да жерлейтін бо­лып ұйға­рыпты.

Қайыржан ТӨРЕЖАН

Фото: Александр Патрин

Бөлісу:

Пікір жазу


*