Ассамблея сессиясы өтеді

Қазақстан Республикасының Президенті Нұлсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясының жиырма алтыншы сессиясын шақыру туралы қаулыға қол қойды.
Қаулыға сәйкес, Қазақстан халқы ассамблеясының жиырма алтыншы сессиясы 2018 жылғы 28 сәуір күні Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында «Бес әлеуметтік бастама – қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры» тақырыбында өтетін болды. Сессияны өткізуді ұйымдастыру Қазақстан Үкіметіне жүктелді.