Самарқанға сапарлады

1548
0
Бөлісу:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Самарқан қаласында Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынастардың ахуа­лын жоғары бағалап, оларды әрі қарай дамытудың перспективаларын талқылады.
Мемлекет басшысы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды. Атап айтқанда, өзара сауда айналымының ұлғайғаны, екі елдің бизнес қауым­дастығы өкілдері арасында табысты байланыстар ілгерілеп келе жатқаны атап өтілді.
Қазақстан Президенті халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша да екі­жақты ықпалдастықтың табысты болып отырғанын айтты.
Бұдан бөлек, Самарқан қаласына жұмыс са­пары барысында Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиеев­пен бірге «Хазірет Қызыр» мемориалды кешеніне барып, Өзбекстан Республикасының тұңғыш президенті Ислам Кәрімовтің рухына тағ­зым етті.
Сондай-ақ екі мемлекет халқына ортақ Наурыз мейрамы қарсаңында Мемлекет басшысы Өзбекстан президентімен бірге Самарқан қаласының бірқатар мәдени-тарихи орындарын аралап көрді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*