Аустралия ормандары жаппай өртке оранды

650
0
Бөлісу:

Аустралия ну ормандары өртеніп, жергілікті тұрғындар жағажайларға қашуда. Елдің оңтүстік-шығыс бөлігіндегі қалада басталған өрт 100-ден астам ғимаратты жандырып жіберді, ал тұрғындар не істерін білмей әлек.

Өртке оранған 1200 гектар орман Жаңа Оңтүстік Уэльстегі Татра қаласының маңында орналасқан. Ауа райының қатты ысып кетуі және желдің басталуы ормандағы өртке себепші болып отыр. Жаңа Оңтүстік Уэльс премьері Глэдис Береджиклиан халықтың өзге қалаларға көшіріліп жатқанын айтты.

Түтінге тұншыққан бірнеше адам емханаға жеткізіліп, ингаляция жасалды. Жапа шеккендер туралы әзірге мәлімет жоқ.

Өрт сөндірушілер 400 үйді құтқарып қалды, алайда 69 тұрғын үйдің күл-талқаны шықты. Цельсий шкаласы бойынша елдегі ауа температурасы 41 градусқа жеткен.

Baq.kz

Бөлісу:

Пікір жазу


*