Италия елшісіне ілтипат

1141
0
Бөлісу:

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Италияның Қазақстандағы елшісі Стефано Раваньянмен кездесті. Кездесу барысында Мемлекеттік хатшы еліміздегі дипломатиялық миссиясын аяқтағалы отырған Италия елшісіне Қазақстандағы жемісті қызметі үшін алғыс айтып, тілектестік білдірді.

Г.Әбдіқалықова С.Раваньянның дип­ломатиялық миссиясы кезін­де Миландағы ЕХРО – 2015 көр­ме­сіне қатысу үшін Қазақстан Президентінің Италияға сапары ұйымдастырылғанын атап өтті. Мемлекеттік хатшы Қазақстан мен Италия арасындағы өзара сенімді қарым-қатынастың 25 жыл ішінде стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілгеніне тоқталды.
– Біз Италиядағы Парламент сай­лауының барысын зор қызы­ғу­шылықпен бақылап отырдық. Сайлау нәтижесінде елдері­ңізде Парламент пен Үкімет­тің жаңа құрамы жасақталатын болады, – деді мемлекеттік хатшы.
Гүлшара Әбдіқалықова Италия­ны Еуропадағы қауіпсіздік және ын­тымақтастық ұйымындағы қазір­гі төрағалығымен және 2017 жылы БҰҰ Қауіпсіздік кеңе­сін­дегі тұрақ­ты емес мүше­лі­гінің табысты болуымен құттықтады.
Сондай-ақ кездесу барысында тараптар Қазақстан-Италия қарым-қатынасының қазіргі жағдайын, саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.
Италия біздің еліміздің әлем­дегі жетекші сауда серіктестері арасында үшінші орында тұр. Екі ел арасындағы тауар айналымы 2017 жылы 9,6 миллиард долларды құрады. 2005-2017 жылдар аралы­ғын­да Италияның Қазақстан эко­номикасына құйған тікелей инвес­ти­циясының көлемі 5,8 миллиард долларға жетті.

Бөлісу:

Пікір жазу


*