«Тұмардың» жеңімпаздары белгілі болды

777
0
Бөлісу:

 

 Қазақ телевизиясының 60 жылдығына орай өткізілген салтанатты шарада «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің жеңімпаздары белгілі болды. Сонымен…

«Үздік деректі кино» номинациясы бойынша – «Так могло быть» деректі фильмін түсірген «365.Синема» кинокомпаниясы.

«Үздік телевизиялық сериал» номинациясы бойынша – «Асыл арман» сериялын түсірген «Астана» телеарнасы.

«Үздік әлеуметтік жоба» номинациясы бойынша – «Қарекет» бағдарламасы, «Qazaqstan» арнасы.

«Үздік ақпараттық бағдарлама» номинациясы – 31 арнаның «Информбюро» бағдарламасы.

«Үздік өңірлік телеарна» номинациясы – «Zhetisý» арнасы.

«Үздік ағартушылық бағдарлама» номинациясы бойынша – «Қазақ ТВ» арнасының «Сокровище наций» бағдарламасы.

«Телевизиялық маусымның үздік оқиғасы» номинациясы – «Хабар» арнасының «Ұлттық музыкалық жүлде» жобасы.

«Үздік ойын-сауық жобасы» номинациясында – Ұлттық арнаның бастамасымен көрерменге жол тартқан «Мен Қазақпын» жобасы.

Телевидениенің 60 жылдығы – телевидениеге қосқан үлесі үшін – Совет Масғұтов.

«Үздік операторлық жұмыс» номинациясы бойынша – «Наедине с природой» бағдарламасымен «Қазақ ТВ» топ жарды.

«Жылдың үздік тележүргізушісі» номинациясы – Дана Нұржігіт.

«Жылдың үздік тележурналисі» номинациясы – «Еуразия бірінші арнасынан» Асхат Ниязов.

«Үздік режиссерлік жұмыс» номинациясы бойынша – Қуаныш Оразалиевтің «Было дело» режиссерлік жұмысы.

Еске сала кетсек, «Тұмарға» өтінімдерді қабылдау толығымен автоматтандырылып, kaztube.kz порталының негізінде жүзеге асырылған болатын. Бәйгеге қатысушылардың жоғары белсенділіктерін атап өту керек. Өтінімдерді қабылдау кезеңінде kaztube.kz порталына кірушілер саны 80 пайызға өсті, ал өтінімдер саны былтырғы көрсеткішке қарағанда 1,6 есеге артты (240 өтінім).

2018 жылы «Тұмарға» 397 конкурстық жұмыс келіп түсті. Олардың ішінде қазылар алқасы бәйге ережесінің талаптарына сәйкес рәсімделген 355 конкурстық өтінімді қарауға қабылдады. Ағымдағы жылғы бәйгеге 14 номинация бойынша өтінімдер қабылдау 15 қаңтар мен 1 наурыз аралығында жүргізілгенін айта кету қажет.

inform.kz 

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*