Корея Қазақстанмен серіктес болуға дайын

1233
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасы Ұлттық ассамблеясының спикері Чон Се Гюнмен кездесті.
Елбасы кездесу барысында Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастың дамып келе жатқанын және оны әрі қарай нығайтуға мүдделі екенін атап өтті.

– Қазақстан Корея Республикасымен жақсы қарым-қатынас орнатқан. Елдеріміз арасындағы тауар айна­лымының көлемі 2 миллиард долларға жуықтады. Сіздердің тауарларыңыздың біздің елге Ляньюньган порты арқылы келіп жатқаны қуантады, онда біздің логистикалық терминалымыз бар. Қазақстан Кореямен жаңа және цифрлы технология, индус­трияландыру, медицина және басқа да салаларда ынтымақтастық орнатуға ниетті, – деді Қазақстан Президенті.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы парламентаралық қарым-қатынастарды нығайтудың және оларды дамытудың маңыздылығына назар аударды.
Чон Се Гюн кездесуге және екіжақты қатынастар мәселесін талқылауға мүм­кіндік бергені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді.
Ұлттық ассамблея спикері Астананың қарқынды дамып келе жатқанын айтып, Қазақстанда өткен жаһандық іс-шара-
лар – халықаралық ЕХРО мамандан­ды­рылған көрмесі мен Дүниежүзілік XXVIII қысқы универсиадаға жоғары баға берді.
Чон Се Гюн екіжақты байланыстың стра­тегиялық сипатта дамып келе жат­қанына тоқталып, «Қазақстан – 2050» стра­тегиясының мақсаттарына жету жолында Корея Қазақстанмен серіктес болуға дайын екенін атап өтті.
Бұдан бөлек, Ұлттық ассамблея спи­кері өткен ғасырдың 30-жылдарында Қазақ­станға жер аударылған этникалық кәріс­терге көмек қолын созып, қолдау көрсет­кені үшін еліміздің халқына алғыс білдірді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*