Индонезияға сапармен аттанды

1295
0
Бөлісу:

Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Индоне­зияға сапарлап кетті.

Әлемдегі ең ірі мұсылман елі саналатын осы мемлекеттің президенті Джоко Видодомен кездесуі Қ.Тоқаев сапарының басты оқиғасы болады. Сенат басшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Индонезия басшысына Қазақстанға ресми сапармен келуге шақыруын жеткізеді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Кемелұлы Джоко Видодоға биылғы қазан айында Астанада өткізу жоспарланған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезіне қатысуға шақыруды табыс етеді.
Қазақстан Сенатының спикері мен Индонезия Халық кеңесшілері конгресі басшысының кездесуінде парла­ментаралық байланыстарды нығайтудың келешегі әңгіме өзегіне айналады. Келіссөздер барысында саяси және экономикалық екіжақты ынты­мақтастық мәселелерін де талқылау көзделіп отыр.

Елдос СЕНБАЙ

Бөлісу:

Пікір жазу


*