ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ КҮШТЕРДІҢ «ҚАЗАҚСТАН – 2050» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ КОАЛИЦИЯСЫНЫҢ ҮНДЕУІ

1256
0
Бөлісу:

ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР!

Мемлекет басшысы ұсынған «Бес әлеуметтік бастама» – қазақстандықтардың ұлттық және әлеуметтік бірлігінің мықты шоғырландырылған платформасы.
Мемлекет басшысы әлеуметтік мемлекет құндылықтары мен әлеуметтік әділеттіліктің қағидалары біздің мемлекетіміздің өзгеріссіз стратегиялық басымдығы екенін атап өтті.
Елбасы барлық қазақстандықтарға жақын және түсінікті нақты іс-қимылдар бағдарламасын айқындады.
Қолжетімді тұрғын үймен, сапалы және қолжетімді біліммен қамтамасыз ету, кәсіпкер­лік­ті қолдау және жұмыспен қамту, халық табы­сы­ның өсуі – әлеуметтік саясатты тиімді жаңғыр­ту үшін дер уақытында қабылданған шаралар.
Президенттің бес әлеуметтік жобасы әлеу­меттік әл-ауқаттылық пен халық бірлігі Тәуелсіз Қазақстан дамуының басты басымдығы екенін тағы да дәлелдеді.
Бұл бастамалар ұлттық мүдделер мен қазақстандықтардың әл-ауқаты Елбасымыздың Мемлекеттік бағытының негізі екендігін де дәлелдейді.
Ең қиын экономикалық жағдайлардың өзінде мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелері ұлттық күн тәртібінде өзекті басымдықтар болып қалуда.
Біз Мемлекет басшысының жаңа әлеуметтік бастамалары барлық азаматтардың өмір сапасын жақсартуды қамтамасыз етіп, әлеуметтік мемле­кет пен ұлттық әл-ауқаттың прагматикалық қазақ­стандық үлгісінің негізін қалыптас­ты­раты­ны­на нық сенімдіміз.
Жаңа міндеттер мемлекеттік органдар мен жалпы азаматтық қоғамдастықтың үйлесімді, тиімді жұмысын талап етеді.
Біздің Коалициямыздың барлық мүшелерін, азаматтық қоғамның барлық өкілдерін осы жұмысқа белсенді қатысуға шақырамыз.
Халықтың қатысуы және халықтық бақылау – Елбасымыздың әлеуметтік бастамаларының тиімді іске асырылуының кепілі.

«Нұр Отан» партиясы, «Ақ Жол» Демократиялық партиясы, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, Қазақстан Коммунистік халықтық партиясы, «Бірлік» саяси партиясы, «Қазақстан Республикасының кәсіподақтар федерациясы» Республикалық кәсіподақтар бірлестігі, «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі, «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы» заңды тұлғалар бірлестігі, «G-Global Халықаралық хатшылығы» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Қазақстан украиндарының радасы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Қазақстанның дағдарыс орталықтары одағы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Қазақстанның азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Қазақстан Республи­ка­сының Ұлттық ғылымдар академия­сы» Республикалық қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академия­сы» Республикалық қоғамдық бірлестігі, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» Республикалық қоғам­дық бірлестігі, «Қазақстан тұтыну­шы­ла­ры­ның ұлттық лигасы» Республикалық қоғамдық бірлестігі, «Қазақстанның іскер әйелдері қауым­дастығы» Республикалық қоғамдық бір­лестігі, «Қазақстан мүгедектерінің конфе­де­ра­ция­сы» Республикалық қоғамдық бірлестігі, «Қарулы күштер ардагерлері» Республи­калық қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан тұтынушы­ларының ұлттық лигасы» Республи­калық қоғамдық бірлестігі, «Республикалық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстанның кәсіпкер әйелдері одағы» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан жазушыларының одағы» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан ардагерлері» Ауғанстандағы соғыс ардагерлері ұйымдарының қауымдастығы, «ДОС» тәуелсіз өмір орталығы» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан – 2050» Жалпыұлттық қозғалысы, «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымдарының одағы» қоғамдық бірлестігі, Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы, Демократиялық күштердің «Қазақстан – 2050» Астаналық аймақтық коалициясының мүшелері.
2018 жылғы 6 наурыз,
Астана қаласы


Азат ПЕРУАШЕВ,
«Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы,
Мәжіліс депутаты:

– Бұған дейін стратегиялық маңызы бар құжаттарда немесе Елбасының жыл сайынғы жолдау­ла­­рында мемлекеттік мүдде мен макроэкономикалық мақсаттарға басым­дық беріліп келсе, кешегі Елбасының бес әлеуметтік бастама­сын­да ең басты бенефициар ретінде қарапайым адам көрсетілген. Бұл ендігі кезекте бұқара халықтың тұрмысын одан әрі жақсартып, әл-ауқатын арттыруға күш жұмсалатынын білдіреді. Сондықтан Елбасы қоғамдағы ең өзекті деген әлеуметтік мәселелерді анықтап, оны шешу жолдарын айқындап берді. Бұл бастамаларды барлық Пар­ла­мент депутаттары, соның ішінде «Ақ жол» Демо­кра­тия­­лық партиясы фракциясының мүшелері қызу қолдап, оларды жүзеге асыруға атсалысуға дайын.
Әрине, Елбасы бастамаларының әсері тек әлеуметтік салаға бағытталмайтыны түсінікті. Мәселен, баспана алу­дың жаңа мүмкіндіктерін қарастыратын бірінші бастама мен шағын несие көлемін көбейту жөніндегі төртінші бастама – кәсіпкерлер үшін керемет мүмкіндік. Өйткені, осы үндеуден кейін тұрғын үй құрылысы жаңаша қарқын алады. Көптеген азаматтар шағын несиеге қол жеткізіп, өз кәсіптерін бастауға мүмкіндік туады. Дегенмен соның бәрінде түпкі нәтиже қарапайым халықтың жағдайын жақсартуға бағытталғанын ерекше атап өткен жөн.

Жамбыл АХМЕТБЕКОВ,
Қазақстан Коммунистік халық партиясының хатшысы,
Мәжіліс депутаты:

– Аптаның алғашқы күні барша қазақстандықтар еліміздің тарихы­нан ойып тұрып орын алған Елбасы бастамаларының куәсі болды. Бұл – Қазақстанның әлеуметтік жаң­ғы­руы­на бағытталған басымдықтар. «Президенттің бес әлеуметтік баста­масын» қарапайым халықтың жағдайын жақсарту жолындағы бес ұлы қадам дер едім. Сондықтан ол бола­шақ­қа деген сенімімізді күшейтіп, ерекше ынта-жігерімізді оятты. Әдеттегідей барлық президенттік бастамалар жан-жақты зерделеніп, нақты ойластырылып және отандық экономиканың әлеуетіне лайықталып қолға алынады. Сондықтан бұл игі істерді жүзеге асыруға біздің мүмкін­ді­гі­міз толығымен жететініне сенемін.
Қазақстан Коммунистік халық партиясы үшін әлеуметтік сала қашанда басым бағыт болып саналады. Тіпті Елбасының әлеуметтік бастамалары біздің ұстаным­дармен толықтай сәйкес келеді. Сол себепті, Қазақстан коммунистері бұл стратегиялық құжатты қолдап қана қой­май, ондағы бастамалардың орындалуына өз үлесін қоса­тын болады. Олай болса, мен де бүкіл қазақстан­дық­тарды «бір жағадан – бас, бір жеңнен – қол шығарып», бір атаның баласындай Елбасының игі бастамаларын барынша қолдауға шақырамын.

Әли БЕКТАЕВ,
«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы, Сенат депутаты:

– Елбасының барлық страте­гия­лық құжаттары мен Жолдау­ла­рын­да әлеуметтік сала ешқашан назардан тыс қалып көрген емес. Сондықтан Қазақстанды дүниежүзі бойынша халқының алдында әлеу­меттік міндеттемелерін толығы­­мен орындап отырған бірегей мемлекет десек, қателеспейміз.
Мемлекет басшысы ұсынған бес әлеуметтік бастама шын мәнінде ауқымы кең, маңызы зор тарихи оқиға болды. Бұл бастамаларды «Ауыл» партиясы да толығымен қолдап, қуаттайды. Өйткені, аталған бастамалар халқымыздың барлық санаты мен барлық әлеуметтік топтарын қамтиды. Дегенмен солардың ішінде ауыл тұрғындарына жасалар жағдай басымырақ. Себебі, барлық бастаманың тікелей ауылдықтарға қатысы бар. Тіпті қалалық жерлерге келіп, үйсіз жүргендердің дені – сол ауылдан келген азаматтар. Жұмыс іздеп, қалаға келеді де пәтер жалдауға мәжбүр болады. Сондықтан баспана алудың жаңа мүмкіндіктері бірінші кезекте сол ауыл халқына ауадай қажет.
Осы бастаманы жүзеге асыруда да бұл бағыттағы тетіктерге ерекше мән берген жөн. Яғни, алдымен баспана шын мұқтаж адамдарға берілсе деймін. Шағын несие көлемін ұлғайту бастамасы да – ауылдықтар үшін беріліп отырған үлкен мүмкіндік. Осы тұрғыдан алғанда аталған бастамаларды өте маңызды әлеуметтік мәселелер деп толық айта аламыз. Сондықтан Елбасымыздың алдымызға қойып отырған міндеттерін науқаншылыққа бой алдырмай, нақты әрі тиімді тетіктерді іске қосу арқылы орындасақ деймін.

Серік СҰЛТАНҒАЛИ,
«Бірлік» саяси партиясының төрағасы:

– Елбасымыздың бес әлеу­меттік бастамасы әр қазақстан­дық­тың жүрегіне қуаныш ұялатып, еңсесін көтеріп, болашаққа нық сеніммен қарауға мүмкіндік берді. Ұзақ жыл газ саласында еңбек еткендіктен маған осылардың ішінде елімізді «көгілдір отынмен» қамтамасыз ету ісін одан әрі жалғастыру бастамасы ерекше әсер етті. Бұған дейін де Қазақстанда Елбасының тікелей мұрындық болуымен газдандыру ісі бойынша өте үлкен жобалар сәтті жүзеге асырылды. Нәтижесінде, Бейнеу-Бозой – Шымкент сияқты бірқатар газ құбыры тартылды. Алматыда да ауқымды жұмыстар жүргізілді. Жылу электр стансалары газбен жылуға ауыстырылуда. Газбен жүретін көліктерге арналған стансалар да өз жұмысын бастады. Осының бәрі – тәуелсіздік жылдарында қол жеткізілген жетістіктер. Елбасы кешегі үндеуінде осы жұмыстар әрі қарай жалғасын тауып, Астананы газбен қамтудың жолын көрсетіп берді. Бұл – өте үлкен әрі халыққа ауадай қажет бастама. Сондықтан «Бірлік» партиясының мүшелері бұл үндеуді толығымен қолдап, ондағы барлық бастаманы жүзеге асыруға бір адамдай атсалысатын болады.

Бақытжан ЖҰМАҒҰЛОВ,
Ұлттық инженерлік академияның президенті, Сенат депутаты:

– Әлеуметтік сала мен жастар­дың болашағы әрдайым Елбасы­мыз­дың басты назарында екенін бәріміз жақсы білеміз. Парламент палаталарының бірлескен отыры­сында жарияланған «Президент­тің бес әлеуметтік бастамасы» елдің бірлігі мен мемлекеттік сындарлы саясатының арқасында жаңа ауқымды стратегиялық жобаларға жол ашты. Сондықтан оны тарихи бастама деп айтуға толық негіз бар. Соның ішінде басым бағыт, негізгі қолдау ел ертеңі жастарға арналған. Жоғары білімді, білікті мамандарды даярлау – қазіргі заман талабына сай қадам. Әлемдік стандарттарға сай білім беру жүйесін қалыптастыра отырып, жастарға қолжетімді, сапалы білім беру үшін бүгінде көптеген жағдайлар жасалуда және алдағы уақытта осындай игі істер тағы да көзделіп отыр.
Мәселен, жаңадан бөлінетін 20 мың білім грантының 11 мыңы техникалық мамандықтарға берілетін болды. Әсіресе, Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында сұранысқа ие мамандықтарға, атап айтқанда, инженерлер, ақпараттық технология, робот техникасы, нанотехнология салаларына басымдық беріледі. Одан бөлек, студент жастардың жатақхана жағдайын жақсарту бастамасы да тек қолдауға лайық ұсыныс. Осындай игі істердің нәтижесінде білім сапасы мен мамандардың біліктілігі арта түсетіні сөзсіз. Жалпы алғанда Президенттің бес бастамасы – халықтың әлеуметтік жағдайын көтеріп, еліміздің тұрақты дамуы жолындағы мақсаттарды қамтамасыз ететін теңдесі жоқ серпінді жоба. Оны жүзеге асыруға белсенді қатысу әрқайсымыздың абыройлы міндетіміз деп білемін.

Несіпбек АЙТҰЛЫ,
ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері:

– Елбасымыздың жаңа үндеуі – еліміздің елдігін, әл-ауқатымыз­дың артқанын көрсете­тін бастама. Соның ішінде баспана мәселесін қамтып, оны алудың жаңа мүмкін­дік­терінің ұсынылуы болаша­ғы­мыз­дың жарқын келбетін айқын­дайтын қадам. Әсіресе, баспанаға зәру жастарымыздың басындағы түйткілдердің толығымен шешілуіне жағдай жасалуы елді ерекше қуанышқа бөледі.
Сонымен қатар жастардың сапалы білім алуы үшін білім гранттарының көбейтілуі, жатақханалардың салынуы, жалақысы төмен отандастарымыз үшін салықтың азайтылуы, кәсібін бастағысы келген жандарға берілетін шағын несиенің көбейтілуі, газбен қамтамасыз етудің жаңа деңгейге көтерілуі – тек қолдап қана қоймай, сол жолда өзіндік үлесіңді қосуға деген ынта-жігеріңді оятатын бастамалар. Сондықтан еліміздің зиялы қауым өкілдері де Елбасы бастамаларын қолдап, оның игілігін елге түсіндіруде еңбек етуге дайын.

Елдар ЖҰМАҒАЗИЕВ,
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары:

– Елбасының бес әлеуметтік бастамасы жарияланған күннен бері халық тарапынан үлкен қол­дау­ға ие болды. Өйткені ондағы бар­­лық басым бағыттар шын мәнін­­де халықтың жағдайын жақ­сар­туға арналған. Соның ішінде шағын несие көлемін көбейту бастамасын ерекше атап өткім келеді. Себебі, ол кәсіпкерлік саланың жаңа қарқын­мен дамуына үлкен мүмкіндік береді. Сол мақсатта қосымша 20 млрд теңге бөлінетін болды. Бұл «Атамекен» пала­тасының «Бастау» жобасын жүзеге асыруға да көрсе­тіл­ген қолдау деп білемін. Өйткені, біз оқытқан азамат­тар өз кәсібін ашып жұмыс істейді. Ал оларға мемлекет тарапынан осындай қолдаулар көрсетіліп отырса, бұл біздің жұмысымыздың да әрі қарай нақты нәтиже беруіне үлкен себеп болатыны сөзсіз. Сондықтан Елбасының әлеу­мет­тік бағыттағы бастамаларын қолдаймыз.
Елбасы айқындап берген әлеуметтік бастамалар қазақстандық арманның негізін құрайды деп есептеймін. Сондай-ақ, бұл басым бағыттар ұлттық жоспарға айналады деп сенеміз.

Бақтияр МӘКЕН,
«Болашақ» стипендиаттары қауымдастығы төрағасының міндетін атқарушы,
Мәжіліс депутаты:

– Жарияланған әлеуметтік бес бағыт – жастар үшін аса маңызды. Себебі, мұнда сапалы білімнен бас­тап, жатақхана мәселесі, бас­па­на алу мүмкіндігі, кәсіпкер­лік­ті таң­да­ған жандарға өз ісін бастауға дейін негізгі тетіктер нақты және айқын көрсетілген. Сондықтан бұл бес бағытты бес саусағымызды біріктіріп, жұдырықтай жұмылып жүзеге асыруға бәріміз мүдделі болуымыз керек.
Елбасымыздың жаңа бастамалары еліміздің әлеуметтік жаңғыруына оң ықпалын тигізіп, ұлттың рухын көтереді деп есептеймін. Бұл – еліміздің жан-жақты дамуына жасалған маңызды қадам. Мемлекет басшысы 2005 жылғы Жолдауында әлеуметтік салада дамуымыздың негізгі бағыттары айтылған болатын. Соның ішінде жастар мәселесі де назардан тыс қалмады. Атап айтқанда, «Болашақ» стипендиясымен әлемнің алдыңғықатарлы жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік алған жастардың саны 3 мыңға дейін жеткізілді. Нәтижесінде, бүгінде шетелде білім алған 12 мың жас қазақстандық еліміздің дамуына өз үлесін қосып келеді. Бұл жастарға көрсетілген қолдаудың берері мол екенін дәлелдей түседі. Сондықтан осы жолы да Мемлекет басшысы жастардың сапалы білім алуына ерекше мән беріп отыр. Енді оны сәтті жүзеге асыру баршамыздың басты міндетіміз болуы керек.

Мұхтар МАНКЕЕВ,
«Қазақстан – 2050» Жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы:

– Елбасы үндеуі Қазақстанның әлеуметтік тұрғыда жетілген мемлекет ретінде қалыптасқанын көрсетті. Өйткені, жарияланған бес әлеуметтік бастаманың көздеген басты межесі – қарапайым халықтың жағдайын жақсарту. Тіпті өздерін мемлекеттік қолдаудан тыс қалып қойғандай санап жүрген әлеуметтік топ өкілдері де бастамаларды ерекше қуанышпен қабылдап жатыр. Сондықтан аталған үндеуді қазақстандық әлеуметтік дамудың жаңа сапасы, жаңа үлгісі десек, артық айтқандық болмайды.
Одан бөлек, Президент айтып өткендей, бұл бастамалар «Рухани жаңғыру» бағдарламасына да тың серпіліс береді деп есептеймін. Себебі, мұндағы сапалы білім мен баспана мәселесі – халқымыздың жан-жақты жаңғыруына түрткі болатын тетіктер. Сондықтан «Қазақстан – 2050» жалпыұлттық қозғалысы да аталған бастамаларды насихаттап, түсіндіру жұмыстарында белсенділік танытады деп сендіргім келеді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*