Елбасы бес әлеуметтік бастама көтерді

4382
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының бірлескен отырысына қатысты.

Елбасы бірлескен отырыс барысында ха­лық­қа арналған «Президент­тің бес әлеумет­тік бастамасы» Үндеуін жариялады. Онда әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүм­кіндіктерін беру, жалақысы төмен жұмыс­шылардың еңбекақысын көбейту үшін олар­дың салық жүктемесін азайту, жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арт­тырып, студент жастардың жатақ­ханадағы жағ­дайын жақсарту, шағын несие көлемін көбейту, сондай-ақ елді газ­бен қамтамасыз ету ісін жал­ғастыру жөнін­дегі бастамалар қамтылған.
Нұрсұлтан Назарбаев жаңа әлеу­меттік бастамалар қоға­мымыздың әлеуметтік бірлігін нығайтуға және әрбір қазақ­стандықтың әл-ауқатын ары қа­рай жақсарта түсуге бағыт­талғанын атап өтті.
– Біз бүгін әлеуметтік жаңғыру жолында жаңа, ауқымды қадам жасауға дайынбыз.
Бұл – елдің игілігіне ар­налған ұтымды, сонымен қатар опти­мистік жоба. Өркендеген Қазақстан – бұл, ең алдымен, мемлекеті өзін қорғап, қол­дайтынын, қамқорлық жасай­тынын се­зінетін, тиісінше елін жан жүрегімен сүйетін, пат­риоттық танытатын өздеріне сенімді адам­дардың мекені деп санаймын, – деді Қазақстан Президенті.

Бөлісу:

Пікір жазу


*