Елшілік салу үшін жер бөледі

1257
0
Бөлісу:

Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжіліс бюросының отырысында палатаның келесі жалпы отырысының күн тәртібінің жобасы қалыптастырылды. Ол бойынша алдағы сәрсенбіде қалаулылар қарауына қандай мәселелер шығарылатыны анықталды. 

Сонымен, Мәжіліс өз жиынында бірқатар рати­фи­кациялық заң жоба­ла­рын талқыға салады деп күтілуде. Олардың ара­сын­да Қазақстан мен АҚШ үкіметтері ара­сын­дағы Ауғанстан Ислам республикасын тұрақтандыру және қайта қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылға АҚШ-тың қатысуына байланысты мемлекетіміздің аума­ғы арқылы америкалық ар­найы жүктердің коммер­ция­лық теміржол транзи­тін қамтамасыз ету туралы ке­лісімге түзетулер енгізу туралы хаттама қазақ­стан­дық Парламенттің рати­фи­кациялауына шыға­ры­лады.
Сонымен қатар депу­тат­тар Қазақстан және Тәжік­стан елдерінің үкі­мет­тері ара­сындағы Дип­­ломатиялық өкіл­дік­тер­дің ғимараттарын салу үшін жер учаскелерін өзара беру туралы келісімді рати­­­фи­кациялауды қарас­тыратын заң жобасын да қарайды.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*