Елбасы жеделхат жолдады

1185
0
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әзірбайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиевке көңіл айту жеделхатын жолдады.
Мемлекет басшысы Баку қала­сындағы өрт салдарынан көп адам­ның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.
«Бауырлас Әзірбайжан хал­қы­ның қайғысына ортақтасып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Зардап шеккендердің те­зірек сауығып кетуіне тілектес­пін» делінген жеделхатта.

Бөлісу:

Пікір жазу


*