Ғұламаларды бірігуге шақырды

929
0
Бөлісу:

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан Еуразия ғұламаларының форумына қатысты. Дін және қоғам қайраткерлері, көрнекті ғалымдар шақырылған алқалы жиын тақырыбы Еуразия кеңістігіндегі ислам өркениетінің өткен тарихы, қазіргі жай-күйі және келешегіне арналды. 

Қ.Тоқаев өз сөзінде ислам­ның ізгі бастауларын жоққа шығаратын, бей­біт­­сүйгіштіктен, толе­рант­тық­тан, діни төзім­­діліктен бас тартатын қауіпті күштердің бой көтере бастағанын алға тарта келіп, жиһад идеяларын насихаттайтын, экстремизм мен терроризмді көксейтін радикалды топтар баршаны алаңдатып отырғанын атап өтті.
Қасым-Жомарт Кемел­ұлы мұсылман ғұла­ма­ла­ры қасиетті Құран­дағы ұла­­ғатты сөздерді күмәнді уа­ғыз­­­даушылардың ұсынып жүр­ген жалған түсініктеріне қарсы қою керектігін айтты. Исламның іргелі қағи­дат­­тарына тоқтала келіп, ол Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мұсылман әле­мінің саясаткерлері мен ғалымдарын «Исламның бол­­мысын бейбітшілік пен мейі­рімділіктің, төзімділік пен әділеттіліктің діні ретінде қалыптастыруға бірге күш салуға» шақырған сөздерін еске салды.
Жоғарғы палата бас­шы­­сы ислам ілімі салт-дәс­түр­лерге деген құрметпен және Отанға деген сүйіс­пен­ші­­лікпен ұштаса отырып, қо­ға­мымызды рухани жа­ңар­­ту идеясымен толық үнде­се­ті­нін айтты.
Сенат төрағасы өз сөзінде прогресс пен даму жолында мұсылман әлемінің бірігуіне бағытталған Қазақстанның күш-жігерін атап өтті. Елі­міз көптеген ислам ел­де­рін энергетика және эко­­ло­­гиялық үздік техно­ло­­гия са­ласындағы озық тәжі­­ри­бе­лермен алмасуға арнал­ған алаң болған EXPO – 2017 көрмесіне тарта алды.
Қ.Тоқаев «Астана» ха­лық­­аралық қаржы орта­лы­ғы, ислам банкингі мен исламдық қаржыландыру қызметі секілді бағыттардың келешегі зор деп санайды. Бұл тетіктер әлемдік қаржы саласын сауықтыруға және кедейлік, несие ресурстарына қол жетпеу мәселелерін ше­шуге елеулі үлес қоса алар еді.
Сенат спикері Аста­на­да өткен Ислам ынты­мақ­­тастығы ұйымының самми­тін­де ислам әлеміндегі ғы­лыми-экономикалық мәні зор мәселелерді шешу мақ­­­сатында G-20 үлгісінде ИЫҰ-15-ті, яғни Ислам ын­ты­мақтастығы ұйымының жетекші 15 елін біріктіретін ресми емес қоғамдастық құру туралы Қазақстан Прези­ден­ті­нің маңызды баста­масын тілге тиек етті.
Қ.Тоқаевтың пікірінше, биылғы қазанда Астанада өте­тін Әлемдік және дәстүрлі дін­дер лидерлерінің VI съезі жыл­дың маңызды оқиғасы болады.
– Бұл форум туралы бас­та­ма көтере отырып, Пре­зи­дент Нұрсұлтан Назарбаев бейбітшілік, қауіп­­сіздік және әділеттілік сая­­сатын ілгерілету әдістері тура­лы түсініктерді кеңейте түсті. Діни көшбасшылардың съез­дері танылған үнқатысу алаң­дарына айналды. Бұл форум­ға көптеген мемле­кет­т­ер­дің басшылары да, БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдардың жетекшілері де қатысты, – деді төраға.
Спикер Қазақстанның өркендеген Исламды дамы­ту аумағына айналуына бар­­лық мүмкіндігі бар екен­­дігін атап өтті. «Біз про­гресс пен әділеттілік, сенім мен адамгершілік құн­ды­лықтарын құрметтеу, басқа наным-сенімдердің өкіл­де­рі­мен толеранттық пен тату көршілік қағидаларымен қоғам құруда бүкіл әлемге лайықты үлгі көрсете ала­мыз», – деді ол.
Сөзін аяқтай келе, Сенат төрағасы Еуразия ғұламалары форумы исламның ізгі дәс­түрлерін қайта түлету мақ­сатында барлық елдер­дің мұсылмандарының ар­а­­­­сында ашық үнқа­ты­су­дың, радикализм мен экс­тремизмге қарсы мил­лион­­даған ғұламалардың бірлесуінің бастауы болатынына сенім білдірді.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*