ТАРИХИ ҚҰНДЫ КІТАП

1051
0
Бөлісу:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Сыр – Алаштың анасы» деген ұлағатты сөзі естен кетпейді. Сол ел қазірде ұлттың ұясы, қонар қиясына айналды. Берекелі жердің асты да құт, үсті де құт болып, облыс қазірде дамудың айқын жолына түскені көңілді қуанышқа бөлейді. Шындыққа жүгінсек, мемлекет және қоғам қайраткері Қырымбек Көшербаевтың туған еліне  әкім болып келген төрт жарым жыл ішінде бұл өңірдің  өлгені тіріліп, өшкені жана бастады. Арал арнасы қалпына келіп, балық шаруашылығы қайта жанданды. Бұл жерде балықтың отызға жуық түрі өніп өсуде. 

Соңғы үш жылда облыс орталы­ғында он екі ықшамаудан бой көтер­ді, халық дарияның сол жаға­лауын­дағы қарқынды құрылыс алаңына көз тіге қарайды. Аймақ өңдеу өнеркәсібін дамыту жолында алдың­ғы қатарға шықты. Ал диқандар өнім алуда жыл сайын рекорд жасап жүр. Қызылорда және Байқоңыр қала­лары, Арал, Қазалы, Шиелі, Жаңа­­қорған аудандарының орталық­тарына көгілдір отын жеткізілді. Жанқожа батыр, М.Шоқай және Т.Жүргенов сынды тарихи тұлға­ларға, өзге де көрнекті мемлекет және мәдениет қайраткерлеріне ескерткіштер қойылды.
Бұл күндері облыста Шалқия кен орны, ферроқорытпа зауыты, шыны зауыты, моливден комбинаты, каль­ци­­лендірілген сода зауыты бар. Мұ­ның бәрі облыс экономикасының ау­қы­мын кеңейтіп, халықтың әл-ау­қа­тын жақсартуға бағытталып отыр.
Облыс аумағында орналасқан ортағасырлық Жанкент, Сығанақ, Шілік-Рабат қалашықтарында архео­логиялық қазба жұмыстары ұйымдастырылды. Соның нәти­же­сінде, ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұраларының бастапқы тізіміне Сыр бойынан 9 ескерткіш енді. Ол да кітапта айқын көрсетілген.
Облыстағы ауқымды жұмыстар Qyzylorda альбомында көрнекті иллюстрациямен берілген. Өлке өңіріндегі жағымды жаңалық­тар сурет тілімен сөйлеп тұр. Фото­өнердің хас шеберлері облыстың бүгінгі тыныс-тіршілігін өте әдемі, жанды жадыра­тып бейнелеген. Кітап Қазақстан Республикасы «Поли­граф комби­на­ты» ЖШС-нан жарық көрді. Ол көпшілік оқырман­ға арналып отыр.

Итен ҚАРЫМСАҚҰЛЫ,
Қызылорда қаласының Құрметті азаматы

Бөлісу:

Пікір жазу


*