Орал өңірінде оң үрдістер байқалады

1046
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады.

Кездесу барысында Мемлекет бас­шысына Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жө­нінде есеп берілді.
Алтай Көлгінов Қазақстан Президентіне өңірдегі негізгі эконо­микалық көрсеткіш­тердің өскені ту­ралы, сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағ­дар­ла­ма­лардың жүзеге асырылу барысы жөнінде баян­дады.
– Облыста әлеуметтік-экономикалық жағ­дай тұрақты. Қабылданған мемлекет­тік бағдарламалар белсенді түрде іске асырылып жатыр. Соның нәти­жесінде, экономикада оң үрдістердің орын алғаны байқалуда, – деді Батыс Қазақстан облысының әкімі.
Сонымен қатар А.Көлгіновтің мәлі­ме­тіне сәйкес, 2017 жылдың қоры­тындысы бойын­ша облыстың өнеркәсіп, қайта өңдеу секторы мен құрылыс сала­ларын­дағы көрсеткіштердің артып келе жат­қа­ны атап өтілген. Жалпы өнім көлемі 2,2 триллион тең­геге жеткен.
Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев бір­қатар нақты тапсырма берді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*