ЕАЭО телевизиясын құруды ұсынды

1055
0
Бөлісу:

Қазақстан Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева Мәскеуде Ресей Федералдық жиналысы Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті.
Д.Назарбаева Парламент Сенаты Ха­лықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіп­сіздік комитеті мен Федерация кеңесі Ха­лықаралық істер комитетінің бірлескен оты­ры­сының қорытындылары туралы әңгі­меледі. Сенатордың пікірінше, Қазақстан Пар­ла­менті Сенаты мен Федерация кеңесі арасын­дағы Ынтымақтастық жөніндегі ко­миссияның жұмысымен қоса парламен­таралық өзара іс-қимылдың осындай тетігі Еуразиялық ынты­мақтастық жолында туындайтын нақты мәселе­лер мен кедергілерді жедел шешу үшін өте тиімді.
В.Матвиенко екі елдің парламенттері жоғарғы палаталарының мүшелерін Қазақстан мен Ресей Президенттерінің төрағалық етуімен жыл сайын өтетін Аймақаралық ынтымақтастық форумына белсенді түрде атсалысуды ұсынды.
Федерация кеңесінің басшысы Қазақстанды БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде табысты төрағалық етуімен құттықтады және Д.Назарбаеваны биылғы қыркүйекте өтетін Еуразиялық әйелдер форумына қатысуға шақырды.
Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорға­ныс және қауіпсіздік комитеті төрағасының Ресей Мемлекеттік Думасының төрағасы Вя­чеслав Володинмен кездесуінде парламентара­лық өзара іс-қимылды нығайту мен ұлттық заңнаманы үйлестіру мәселелері талқыланды.
Мәскеуге жұмыс бабындағы сапар бары­сында Еуразиялық экономикалық комис­сия алқасының төрағасы Тигран Саркисянмен, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы­ның мүшелері (министрлер) Тимур Жақсылықов және Марат Құсайыновпен кездесу болды.
Еуразиялық ықпалдастықтың өзекті мәсе­лелерін талқылай келіп, Д.Назарбаева интегра­циялық үдерістерді жария етудің жеткіліксіздігі жайында атап өтті. Сенатор ЕАЭО телевизиясын құру туралы ұсыныс айтты.

Дайындаған Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*