ӘЛЕУМЕТТІК БАҒЫТҚА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ

1099
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев арнайы квота арқылы University medical center корпоративті қорының Республикалық диагностикалық орталығында емделуге мүмкіндік алған балалардың ата-аналарымен кездесті. Бұл квота «Астана – рухы мықты жандардың қаласы» атты партиялық жоба аясында жүзеге асырылған игі бастама екенін атап өткен жөн.

Халықтың әлеуметтік аз қамтылған то­бына қолдау көрсетіп, олардың қо­ғам­нан өз орнын табуына жағдай жасау – пар­тияның басым бағыттарының бірі. Соған сәй­кес «Нұр Отан» түрлі дертке шалдық­қан балалардың еліміздегі ең үз­дік ме­ди­циналық мекемелерде тегін тек­серілуі үшін мемлекеттік құрылымдар мен биз­нес өкілдерінің мүмкіндігін бі­рік­тіріп, көп­теген игі істерге мұрындық бо­лып ке­леді. Аталған медициналық орын­дар­дың қатарында лаборатория-лық зерттеу саласы бойынша Қазақ­стан­дағы ең ірі ме­кеме – Республикалық диаг­­нос­ти­ка­лық орталықтың да бар еке­ні белгілі.
Партия Төрағасының Бірінші орын­басары бұл орталықтың ТМД елдері ара­сында бірінші болып JCI халықаралық ак­кредитациялау комиссиясының сер­тификатына ие болғанына назар ауда­рып, оның алдыңғы қатарлы амбула­то­рия­лық медициналық ұйым екенін айт­ты. Яғни, бұл жерде балаларға ең са­палы медициналық қызмет түрлері көр­сетіледі.
Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев «Астана – рухы мықты жандардың қа­ласы» атты әлеуметтік жоба партияның бел­сене қатысуымен қолға алынғанын атап өтті. Соның аясында нұротандықтар балаларға University medical center кор­поративті қорының Республикалық диаг­ностикалық орталығында емделуге мүм­кіндік беретін 10 квота бөліп отыр. Нә­тижесінде, бұл жерде түрлі дертке шал­дыққан 1,5 жастан 14 жасқа дейінгі жас жеткіншектер тегін тексеріледі және қа­жетті ем-дом алуға да мүмкіндік бар.
Өз сөзінде Мәулен Әшімбаев халық­тың әлеуметтік мәселелерін шешу – әр­дайым партияның басым бағыттары­ның бірі болып қалатынын айтты. Алдағы уақытта әлеуметтік бағыттағы барлық пар­тиялық жобалар қайта қаралып, олар­дың маңызы мен мәні одан әрі арта­тын болады. Бұл жөнінде «Нұр Отан» пар­тиясы Төрағасының Бірінші орын­басары: «Партия ұйымдастырған әрбір іс-шара мен қолға алған жоба халыққа нақ­ты пайдасын тигізуі тиіс», – деді.

Е.МАҚСОТҰЛЫ

Рустам АМАНТАЙ (фото)

Бөлісу:

Пікір жазу


*