Француздар ынтымақтасуға бейіл

1154
0
Бөлісу:

Үкімет үйінде Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Палата президенті, «КАТКО» ЖШС бас директоры Жерар Фриестің басшылық етуімен «Франция – Қазақстан» сауда-өнеркәсіптік палатасының өкілдерімен кездесіп, ынтымақтастықты дамыту келешегін талқылады.

Кездесу барысында сауда және инвестициялар, энергетика және мұнай химиясы, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, туризм және басқа да сала­лардағы Қазақстан мен Франция қарым-қатынасын нығайту мәселелері қаралды.
2017 жылы Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы 3,39 млрд доллар құрады. Оның ішінде біздің өткізген экспорт – 2,86 млрд долларды, ал әкелген импорт 535 млн долларды құрады. Бұл көрсеткіш 2016 жылға қарағанда 38 пайызға жоғары. Алдыңғы жылы 2,45 млрд доллар болған.
2005 жылдан бастап, 2017 жылдың І жартыжылдығына дейінгі аралықта Қазақстан экономикасына құйылған француз инвестицияларының көлемі 13,77 млрд долларды құрады.
Қазақстанда француз капиталының қатысуымен «Тоталь», «Арева», «Данон», «Викат», «Пежо», «Альстом» секілді және тағы да басқа 140-тан астам кәсіпорын табысты жұмыс істеп жатыр.

 

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*