Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы – қатерге тойтарыс береді

1218
0
Бөлісу:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті.

Отырыста 2017-2020 жылдарға арнал­ған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыру мәселелері, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысындағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық ахуал қарастырылды.
Мемлекет басшысы былтыр қабыл­данған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы туындайтын қауіптер мен сын-қатерлерді анықтауға және оларға уақытылы той­тарыс беру шараларын қолдануға мүм­кіндік беретінін атап өтті.
– Былтыр біз ұлттық қауіпсіздікті қам­тамасыз ету саласында бағдарламалық құжат қабылдадық. Ұлттық қауіпсіздік қорғаныс немесе ішкі саясатта ғана емес, сонымен қатар экономика, өскелең ұрпаққа тәрбие беру және басқа да барлық салаларда қамтамасыз етілуге тиіс, – деді Қазақстан Президенті.
Бұдан бөлек жиын барысында Оң­түстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін көтеру, жаңа жұмыс орындарын ашу, инфра­құрылымды жетілдіру, сондай-ақ апатты жағдайдағы мектептерді қалпына келтіру, жаңа мектептер салу және өңірдегі діни экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша Мем­лекет басшысы орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға бірқатар нақты тапсырма берді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*