Шиеліден шыққан суретші

879
0
Бөлісу:

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Рухани жаңғыру» стратегиялық бағдарлама аясында Әбілқасым Сәрсенбаевтың «Тамыры терең туған жер» атты жеке шығармашылық көрмесі мен Доқтырхан Тұрлыбектің «Ардағы едің түркінің» атты деректі фильмінің көрсетілімі өтті.
Шығармашылық адамдарының қол­таңбасы болады. Белгілі бір тақырыпты топшылағанда, топ етіп еске түседі. Ауыл тіршілігі, дархан дала, қыз-қыз қайнаған өткен шақ картиналарын майлы бояумен кенепке салған суретшілер көп. Солардың бірі – Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлт­-
тық академиясы «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультеті «Сәндік қолданбалы өнер» кафедрасының профессоры, Сурет­шілер одағының мүшесі, Мәдениет қай­раткері Әбілқасым Сәрсенбаев. Қылқалам шеберінің ауылдан өзге тағы бір сүйікті тақырыбы бар. Ол – Мұстафа Шоқай. Түркі әлеміне танымал тұлғаның графикалық портреттерін салып, насихаттап келеді. Көр­меге суретшінің түрлі тақырыптарда салған туындылары қойылған. Ауыл және Шоқай бейнесінен бөлек, шарждар топ­-тамасы да келушілер назарына ұсынылды. Шара қонақтары суретші туралы бастан өткізген қызықтарын еске алып, көрменің ашылуымен құттықтады. «Үркер» жур­налының бас редакторы Қуандық Түмен­-бай сыныптасының әзіл сурет саламын деп басының қалай дауға қалғанын айтып, жиналған жұртты бір күлдірді. «Әбілқа­сым – сыныптасым. Он жыл бірге оқы­дық. Бұл өзі класта отырып, шарж салуға құмар-тұғын. Сыныптастардың бәріне салып шықты. Класымызда шешен бала бар еді. Басы үлкен болған соң «қазанбас» дейтінбіз. Соған достық әзіл салып, ол жек­пе-жекке шақырды. Ақыры бәріміз араша түсіп, әрең аман алып қалдық. Шарждан кейін үлкен портретке ойысты. Әбілқасым үлкен өнердегі портрет салудың шеберіне айналды. Пейзаж, гравюра салудан да кенде қалған жоқ. Бүгінгі шараның тақырыбы да туған жер жайлы екен. Әбілқасым Пай­ғам­бар жасына жеткенше туған жеріне әбден еңбек сіңірді. 40 жасқа дейін ауылда тұр­ды. Біз сияқты Алматыға асықпады. Сурет училищесін бітірді, одан кейін әскерде Семейде сынақ алаңында болды. Кейін Жүргенов атындағы академияны тамам­дады. Мектепте мұғалім де болды. Осы ең­бегі үшін туған жері Әбілқасымға риза» деді Қуандық Түменбай.
«Биыл Шиелі ауданының құрылға­ны­на – 90 жыл. Бұдан бөлек көптеген аудан­дарға, соның ішінде Түлкібас ауданына да осынша жыл толады екен. Жақында сол ауданның гимнін жазып жатқан музыкант жігіт осы жерден бір ақын шықпағанын айтқан еді. Әбділда Тәжібаев, Мұхаметжан Қаратаев, Шахмардан Есенов, Мұстафа Шоқай, Ыбырай Жақаев сынды бірталай азаматтардың аты Шиелі ауданымен қатар айтылады. Әбділда атамыздың «Туған жер­дің құстарын да сыйладым» дейтіні бар емес пе? Міне, сондай жерден шыққан Әбіл­қасым Сәрсенбаев үлкен көрме өткізіп жа­тыр. Сурет өнері, кескіндеме – ешқандай аудармашының көмегінсіз, адамның көкі­рек көзімен, жүректің лүпілімен түсінетін қасиетті өнер. Сол өнер мен еңбектің көрі­ністері мына залдың екі жағында тұр. Әркім туған жеріне қарыздар десек, соның өтеуін осылай өткере алады. Мұстафа Шоқай сынды тұлғалардың бейнесін бүгінгі ұр­паққа жеткізгені де құрметке лайық. Өкі­нішке қарай, Әлихан Бөкейхан, Мұстафа Шоқайдың еңбектері орта және жоғары білім саласында негізгі құндылықтар­дың бірі болмай тұр. Осы екі кісінің мұра-сы-ақ – қазақтың азаттығының, арман-аңсарының үлкен шыңы. Тағы бір айта кетерлік жайт – бүгінде адамдар ауылдан тамыр үзіп барады. Әбілқасым Сәр­сен­баевтың көріністерін көргенде бала кезіміз, ауылдың тынысы көз алдымызға келе са­ла­ды, – деді «Айқын» газетінің бас редак­торы Нұртөре Жүсіп.
Көрмеден шыққан қонақтар ары қарай фильм қарауға асықты. Доқтырхан Тұр­лыбектің «Ардағы едің түркінің» атты де­ректі фильмі көрсетілді. Туындыдағы көріністерге Әбілқасым Сәрсенбаевтың Мұстафа Шоқай тақырыбына салынған түрлі көріністегі суреттері фильмнің негізгі арқауы болған.

 

Жадыра Төлеуханқызы

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*