Туған ауыл оттары

680
0
Бөлісу:

Елордадағы «Астана» концерт залында торғайлық композитор Алтынбай Сейітқасымның шығармашы­лығына арналған «Туған ауыл оттары» атты кеш өтті.

Кештің мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» бағыты бойынша атқарылатын жұмыстардың мәдени мазмұнын байытуға үлес қосу. Сазгер Алтынбай Сейітқасым – қайда жүрсе де туған жерін жүрегінің төрінде сақтап, оған жүрегінен шыққан нәзік әуендерін, жырларын арнаған өнерпаз. Сондықтан да оның тұлға­-
сын Елбасымыздың «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәс­түрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі» деген сөздерімен сипаттауға болады.
Белгілі жүргізуші Жасұлан Айсағалиев жүргізген кешке ком­по­зи­тордың ұзақ жыл бойы шығармашылық байланыстағы әріптестері Қазақстанның халық ақыны Қонысбай Әбіл, ақын Нағашыбай Мұқатов, композиторлар Бақытжан Сәуекенов, Қалибек Деріпсалдин, композитордың шығармаларын орындаушы белгілі өнерпаздар Анар Мұздаханова, Досымжан Таңатаров, Оразбек Ғалымов, Гүлмира Жангелді, Медет Шайкелов, Шахаризат Сейдахмет және басқа да өнерпаздар болды.
Композиторлық өмірбаяны өткен ғасырдың 80-жылдарынан бастау алатын Алтынбай Сейітқасым 1957 жылы 10 тамызда Қоста­-
най облысы Жанкелдин ауданының Шеген ауылында көпбалалы отбасында дүниеге келген. Мектептен соң Ақтөбе қаласындағы рес­публикалық мәдени-ағарту училищесін бітіріп, туған ауылына ора­лады. Сол кезден бері туған ауылы, ер жетіп, есейген мекені оның шы­ғармашылығының арқауына айналған. Бұған оның «Ақшығанақ», «Туған ауыл оттары», «Айналайын, Торғайым», «Астана» тағы басқа шығармалары дәлел бола алады.
Концертте сазгердің торғайлық жерлестері де аз болмады. Кештегі құлақ құрышын қандырар әуендерге көңілі толған тыңдармандар композиторға зор ілтипатын білдірді.
Нұрай РАХЫМ

Бөлісу:

Пікір жазу


*