Ұрпақ бағбаны – ұстаздар

1076
0
Бөлісу:

Баланың отбасынан алған тәрбиесі – халқымыздың бақытты болашағының кепілі. Бала – бақыт, бала – қуаныш, бала өмірді жалғастырушы болса, ата-ана – тәр­биелеуші. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады» деген ұлағатты сөзі жас ұрпақты осы дәрежеге жеткізу өмір мектебімен қатар білім мектебіне, ұстаздарға да үлкен жүк артады.

Баланың бойына жаста­йы­нан ізгілік, мейірім­ділік, қайырымдылық, адамгершілік сияқты құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші қызмет атқарады. Ата-ананың жүрек жылуы, мейірімділігін көрген әрбір бала өз ортасынан да соны қажет етеді. Мектеп пен отбасы рухани үндестікте жұмыс істегенде, ата-ана мен мектеп мұғалімдерінің қамқор­лығын тең сезінгенде ғана баланың жетістікке қол жеткізуі мүмкін.
Жалпы, ұрпаққа тәлім беруде білім сапасын жақсарту жолында, мектеп, ата-ана және оқушы – үштік одақ болып жұмыла белсенділік танытса, оң нәтижеге қол жеткізу аса қиынға соқпайды. Осы орайда мектеп және ата-ана байланы­сын жүйелі жолға қойып, екі жақтың көңілінен шығар жұмыс жүргізіп отырған біздің Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын орта мектеп-интер­нат директоры Роза Сексенова ата-аналарды мектепішілік жиналысқа қатыстырып, өз балаларының білімі мен тәртібі, жеке қызығу­шылығы туралы сұхбат­та­сумен бірге, олармен психо­логиялық тренингтер өткізіп, балалары­ның өмір тынысына ден қоюына жақсы жағдай туғыз­ған. Соның бір дәлелі – 9-10-сынып ата-аналарының қатысуымен өткен «Бақытты отбасы» сайысы. Бұл жарыс­тың мақсаты – балалар­ды адами ізгі қасиеттерге тәрбие­леу арқылы ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалып­тастыру, ой белсенділігін, сыни ойлау дағдыларын арттыру.
Жүргізушілер – 10-сынып­тың өнерлі, үздік оқушылары Шуақ Байтұрған пен жас ақын, айтыскер Бекжан Базарбек сайыс барысында таныстыру, өнер сайысы, «Бақытты отбасы» атты көрініс, арнау, жағдаяттық сұрақтар шешу сияқты жарыстың негізгі кезеңдерін хабарлаған соң, сайыс басталып кетті. Алғашқы кезеңнің қорытындысында 9 «Б» сынып оқушысы Метер­құлов­тың әжесі – Гүлбахира Метерқұлованың және Нұрсұлтан Әлімхановтың анасы­мен бірге өзін таныс­ты­руы жоғары ұпай жинады. Өнер сайысында Әсет Метер­құлов пен әжесінің өлең оқып, ән айтып, тау халықта­рының биін орындауы тағы да жақсы бағаға ие болды. «Бақытты жанұя» атты көрініс­те оқу­шылар мен ата-аналар әртүрлі тақырыпты таңдап, кіші­пейілділік, ата-анаға құрмет, балаға сүйіспеншілік қасиет­терін көрермендерге көрініс арқылы көрсетті.
10 «В» сыныбы атынан қатысқан Қуаныш Нұрмұхаме­дов­тың әкесі – Мейрамғазы Нұрмұхамедовпен бірігіп көрсеткен «Туған күн» атты көрінісінде қазіргі кейбір жастардың ата-анаға құрмет көрсете алмайтынын осы сыныптың оқушысы, жас ақын Ақжігіт Абзалбекұлы жыр шумақтарымен ой түйді. Гүлбахира Метерқұлова неме­ре­­сіне деген сүйіспен­ші­лігін өлеңмен жеткізсе, өз кезегінде Әсет те әжесіне деген ыстық ықыласын жыр жол­да­ры­­мен біл­дірді.
Бұл шарада балаларымен бірге сайысқа түскен ата-ана­лар өздерінің жан-жақты білім­ді, өнерлі екендіктерін дәлел­деп, жағдаяттар шешу ке­зе­­­­ңінде өз іс-тәжірибелері және ақыл-кеңестерімен бөліс­ті.
Әр ата-ананың баласына, баланың ата-анаға деген сүйіспеншілігі әр сайыста өзара үйлесім тауып, мектеп мұғалімдерінің, қатысқан қонақ­тардың, жалпы оқушы­лар­дың қошеметіне бөленумен қатар, болашақта осындай іс-шараны жиі өткізіп, ұлттың рухани жаңғыруына үн қоссақ деген ойдың көпшілік сана­сында туындауына себепші болды.
Республикамыздың шалғай облыстарынан келсе де, бала­ла­ры­мен бірге өнер көрсетіп, барлық сайыстан сүрінбей өткен ата-аналарымыз өнер көрсе­тулеріне қарай, әртүрлі атауларды еншілеп, мектеп марапатына ие болды.
Кештің әділқазылар мүше­лері – мектеп-интернат дирек­торы Роза Ербозымқызы, мектеп-интернат психологы Гүлнар Амангелдіқызы, ата-аналар комитетінің мүшесі Лиман Кеулімжайқызы, дирек­тордың ғылыми істер жөнін­дегі орынбасары Іңкәр Құрбан­әлі­қызы отбасылар сайы­сының әр кезеңін бағалап, әділ шешім шығарды.
Сайысты қорытындылай келе, мектеп-директоры Роза Сексенова ата-аналардың балаларымен бірге барлық іс-шараларға белсене қатыс­қан­дары үшін алғыс айта отырып, мектеп – ата-ана – оқушы ынтымақтастығы арқасында еліміздің бола­шағын қолына ұстар бүгін­гі мектеп оқушы­лары үшін ата-баба мұрасын сақтауға көңіл бөліп, халықтың тәлімдік мұра­сын бүгінмен сабақ­тас­тырып, рухани үндес­тік пен үйлесімділікке ұмтыл­ған іс-шараға оң баға берді.

Ұлжалғас БҰРХАНҚЫЗЫ,
мектеп-интернаттың
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Бөлісу:

Пікір жазу


*