Қызылордада ақындар айтысы өтеді

1394
0
Бөлісу:
Қызылордада республикалық ақындар айтысы өтеді.
Астана қаласының 20 жылдығы және Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналған «Астана – биік төрім, Қызылорда – туған жерім!» атты республикалық ақындар айтысын облыстық мәдениет, архив және құжаттама басқармасы ұйымдастырады.

Жыр додасына елімізге танымал айтыскер ақындар Рүстем Қайыртай – (Алматы қаласы), Әсем Ережеқызы (Семей қаласы), Дидар Қамиев, Мақсат Ақанов (Қарағанды қаласы), Сұлужан Тауболды (Астана қаласы), Болатбек Оразбаев (Алматы қаласы), Шалқарбай Ізбасаров (Атырау қаласы), Нұрқанат Қайрат (Павлодар қаласы), Аруна Керімбек, Рай Дөңбай (Тараз қаласы) және Сыр елінен Мұхтар Ниязов, Нұрмат Мансұров, Мейірбек Сұлтанхан, Иранғайып Күзенбаевтар қатысады.

Айтыс 21 ақпанда сағат 11.00-де Н. Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында өтеді.

Baq.kz

Бөлісу:

Пікір жазу


*