Елбасы тапсырмасы тиянақты орындалуда

1310
0
Бөлісу:

Үкімет үйінде Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен 19 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының арнайы экономикалық аймақтарды дамыту бойынша берген тапсырмаларының орындалу мәселелері жөнінде кеңес өтті.
Кеңес аясында АЭА негізгі көрсет­кіштері мен олардың тиімділігін арттыру шаралары қаралды.
Президент Н.Назарбаевтың тап­сырмаларының орындалуы және жұмыс жоспарлары туралы Инвес­тициялар және даму министрі Ж.Қасымбек, Маңғыстау облысының әкімі Е.Тоғжанов, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түйме­баев, Алматы облысының әкімі А.Бата­лов, Атырау облысының әкімі Н.Ноғаев, Жамбыл облысының әкімі А.Мырзах­метов, Павлодар облысының әкімі Б.Бақауов, Қарағанды облысының әкімі Е.Қошанов, Астана қаласының әкімі
Ә.Исекешев және Алматы қаласының әкімі Б.Байбек баяндама жасады.
Бұдан өзге жұмыс істеп тұрған АЭА-ларды толтыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы өз бағыттары бойынша Энергетика министрі
Қ.Бозым­баев, Ұлттық экономика министрі Т.Сүлейменов, Қаржы министрі Б.Сұлтанов және арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компанияларының басшылары сөз сөйледі.
Айта кетейік, Қазақстанда 11 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді. АЭА аумағында барлығы 165 жоба іске қосылды, 13 мың жұмыс орны құрылды. АЭА жобаларына тартылған инвестиция көлемі 787 млрд теңгені құрайды.

 

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*