Рамзан Қадыров: Путиннің өмір бойы ел басқарғанын қалаймын

1005
0
Бөлісу:

Шешенстанның президенті Рамзан Қадыров Telegram парақшасында қалдырған пікірінде  президент Владимир Путинге алғысын білдірді.

Путин   Ресей үшін де, Шешенстанның гүлденуі үшін де көп жұмыс істеп жатқанын айта келіп, Қадыров оны қолдайтынын және  өмір бойы мемлекет басқаруына қарсы еместігін  мәлім етті.

Билік басында 11 жылдан бері отырған Рамзан Қадыров  Путиннің сенімінен шығу үшін елде барлық шаруаны жасап жатқанын айтты.

–Мен біздің президентке, Бас қолбасшымызға ұзақ ғұмыр тілеймін. Ол өмір бойы Ресейді басқарса, мемлекет үшін үлкен жеңіс болар еді. Табысты әрі дәулетті мемлекетке, қуатты әскери державаға айналар едік. Сондықтан біз қашанда президент тапсырған міндеттемелерді адал орындауға әзірміз, – деді Рамзан Қадыров.

Шешенстан президенті «Владимир Путиннің арқасында елде лаңкестік топтар түбірімен жойылды, шешен халқы  жаңғыруға бет алды. Барлық әлеуметтік және экономикалық түйткілдер шешілді. Қазір Шешенстан гүлденіп келеді. Өйткені мұнда өмір сүруге барлық жағдай жасалған» деп мәлімдеді.

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ

 

 

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*