Одақ баждары қайта бөлінеді

941
0
Бөлісу:

Сенаттың экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиында «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған шарттың жекелеген ережелерін қолдану туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. 

Заң жобасының негізгі мақсаты – ЕАЭО мемлекеттерінің баждарды бөлудегі бірыңғай тәсілін қамтамасыз ету және мүше елдер үшін кедендік әкелу баждары­ның сомаларын бөлу норматив­терін қайта қарау. Хаттаманы ратифика­ция­­лау бірың­ғай тәсілді және ЕАЭО мемлекетте­рі­нің бюджеттеріне баждарды тұрақты бөлу мен есепке жатқызуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Заң жобасын жоғарғы палатаның жалпы отырысының қарауына шығару ұсынылды.
Елдос СЕНБАЙ

Бөлісу:

Пікір жазу


*