Елорданың өнеркәсібі 7 пайызға өсті

1243
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевті қабылдады.

Кездесуде Қазақстан Президентіне елор­­даның әлеуметтік-экономикалық дамуы және Астананың 20 жылдығын ме­­­рекелеуге дайындық барысы жөнін­де мә­лім­делді.
– 2017 жылдың қорытындысы бойын­­ша қаланың әлеуметтік-эконо­ми­калық даму көрсеткіші 2 есеге жуық арт­ты. Өнер­кәсіп 7 пайызға өсті. Соң­ғы бес жыл ішінде 46 индустриялды жо­ба бір триллион теңге кіріс әкелді, – деді Әсет Исекешев.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевқа не­­гізгі капиталға тартылған жеке ин­вестиция­лар көлемі ұлғайып, есепті ке­зең ішінде оның үлесі 70 пайыз бол­ғаны туралы баян­далды.
– Өткен жылы 2,4 миллион шаршы метр тұрғын үй салынып, рекордтық көр­­сет­кішке қол жеткізілген еді. Қазір жеке ин­весторлар мен ұлттық ком­па­ния­лар есе­бі­нен қаланың төрт ауда­нын­да құрылыс жұ­мыстарын жүргізіп жа­тырмыз, – деді Астана қаласының әкі­мі.
Ә.Исекешев Нұрсұлтан Назарбаевқа елор­дадағы инфрақұрылымдық жо­ба­лар­дың іске асырылу барысы мен Ас­тана маңын­да жаңа жолдар салу жос­пары жө­нін­де мәлімдеді.
Мемлекет басшысы елордада басқа өңір­­лердің әкімдіктерімен бірлесіп са­лын­­ған бірқатар әлеуметтік нысан­ның құры­лы­сына қатысты жұмыстарды оң бағалады.
Қазақстан Президенті кездесу соңын­да нақты тапсырмалар берді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*