Елбасы Қытай арнасына сұхбат берді

1047
0
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев CCTV телеарнасына сұхбат берді. Бұл туралы – Ақорданың баспасөз хатшысы хабарлады.

Мемлекет басшысы сұхбат бары­сын­да Қазақстан мен Қытай арасын­да­ғы ынтымақтастыққа, сондай-ақ «Нұрлы жол» және «Бір белдеу – бір жол» бағдарла­ма­лары­­ның тоғысу ая­сын­дағы екіжақты ықпалдас­тыққа қатыс­­ты сауалдарға жауап берді.
Сонымен қатар Елбасы Қазақ­стан­ның БҰҰ Қауіп­сіз­дік кеңесіндегі ба­сымдықтары туралы айтып, Шан­хай ын­тымақтастық ұйымын одан әрі да­мыту жөнінде ой бөлісті.
Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев терроризмге қар­сы күрес жүргізу жә­не өңірдегі тұрақтылықты сақтау мә­­се­лелеріне қатысты мемлеке­тара­лық серіктестікті нығайту қажеттігін атап өтті.

Бөлісу:

Пікір жазу


*