Елбасы тапсырмалары жеке қаралды

1029
0
Бөлісу:

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының 2018 жылдың 9 ақпанындағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау шаралары қаралды.

Отырыс барысында Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың, Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің, Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің, Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың, Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың, Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындау мәселелері жөніндегі есептері тыңдалды.
Сондай-ақ талқылауға Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев, Премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин, вице-премьерлер Өмірзақ Шөкеев, Ерболат Досаев, Асқар Жұмаға­лиев және «Атамекен» ҰКП басқарма төра­ғасы Абылай Мырзахметов қатысты.
Отырыс қорытындысы бойынша Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік органдардың әр басшы­сының жеке жауапкершілігін атап өтіп, нақты тапсырмалар берді.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*