Президент әкімдермен кездесті

1293
0
Бөлісу:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен кездесу өткізді.

Мемлекет басшысы жиын бары­сында облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкім­деріне азық-түлік бағасының тұрақтылығын бақылау және тарифтерді реттеу мәселесін назарда ұстау қажеттігін айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев облыс­тарда жылыту маусымын іркіліссіз жүргізудің маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ Қазақстан Прези­денті Үкіметке облыстар әкім­де­рімен бірлесіп, көктемдегі су тасқыны қаупінің алдын алу және оны болдырмау жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.
Мемлекет басшысы еріген қардың суын тоғандарға жинап, оларды ауыл шаруашылығы қажет­тілігіне пайдалану мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынды.
– Халық саны екі мыңнан аса­­­тын ауылдық елдімекендерде жер­­гілікті өзін-өзі басқару жүйе­­­сі енгізілетін болады. Бұл – бюд­­жет­­тің төртінші деңгейі. Жер­гі­лікті жерлерге салықтың 7 түрін жинау мүмкіндігі берілді, сондай-ақ қаражат шығысы 19 бағыт бойынша жүзеге асырылады. Алдын ала жасалған талдау бойынша, ауылдық округтердің 11 пайызы ғана өздерін қамтамасыз етіп, өз кірісі есебінен шығындарын жаба алады. Сондықтан Үкімет облыстар басшыларымен бірлесе отырып, осы мәселені де бақылауға алуға тиіс, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен бірге, Қазақстан Пре­зиденті елімізді дамыту жобалары мен бағдарламаларының маңызды сипатқа ие болып отырғанын халыққа кеңінен түсіндіру және бұл іске «Нұр Отан» партиясын тарту қажеттігін атап өтті.
Басқосу барысында Астана қала­сының, Қызылорда, Қара­ғанды және Шығыс Қазақстан об­лыстарының әкімдері өңірлердегі ахуал туралы баяндады.

Бөлісу:

Пікір жазу


*