Озық жүйе құру қажет

502
0
Бөлісу:

Алматыдағы Достық үйінде «Ахыска» түрік этномәдени орталығының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Жиынға түркітілдес халықтардың мәдени орталықтарының басшылары қатысты. Іс-шараның мақсаты – Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын талқылау. 
Іс-шараға Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Абильфас Хамедов, «Ахыска» түрік этномәдени ор­талығының президенті Зиятдин Касанов, академик Сабри Хизметли, заң ғылым­дарының докторы, профессор Аджимурад Исаев, профессор Алипаша Караев, «Барбанг» күрд ассоциациясының президенті Князь Мирзоев, Алматыдағы Корей ұлттық орталығы басшысының орынбасары Георгий Кан Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асылы Осман және тағы басқа да мәдени бірлестіктің басшылары Жолдауда айтылған мәсе­лелердің жүзеге асыруға атсалыса­тынын айтты.
Қазақстан халқы ассамблеясы төра­ғасының орынбасары Абульфас Хамедов: «Бұған дейін «Қазақстан – 2030» стра­тегиялық бағдарламасы аясында көптеген жұмыс істелді. Келешекте қарыштап дамыған елдермен тереземіз тең болсын деп «Қа­зақстан – 2050» бағдарламасын қабылдады. Сонау 1997 жылдан басталып, жыл сайын жаңа мазмұнмен толығып, тың бағыттарға жол сілтеп отыратын Елбасының әр жыл­дардағы Жолдауының маңызы ерекше. Біздің басты міндет – Жолдауда айтылған мәселелерді жүзеге асыру. Атап айтқанда, шалғайдағы ауыл-аймаққа қоғамға енгізілген жаңалық­тардың тиімділігін түсіндіру. Жастарды болашаққа керек мамандықтарға оқытуды қолға алу.
«Ахыска» түрік этномәдени орталы­ғының президенті Зиятдин Касанов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саяса­тының артықшылығын атап өтті. «Төртінші өнеркәсіптік револю­ция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауда «Цифрлы Қазақстанды» ары қарай дамытуға баса назар аударылған. Осы жиынға Қа­зақстан халқы ассамблеясының өзге ай­мақтардағы басшыларымен қатар облыс, шалғай ауылдардағы өкілдерін де шақырып отырмыз. Себебі, экономиканы цифрлан­дыру үрдісі тек қана үлкен қалалармен шектелмеуі керек. Әсіресе, ауылдық жерлерде интернеттің қолдану аясын ары қарай дамытуымыз аса қажет. Елбасы болашақта ІТ технологияны жалпыхалықтық меңгерудің маңызды екендігін үнемі айтып келеді. Сондықтан жыл өткен сайын қоғамда ІТ мамандарға сұраныс артуда. ІТ тех­нология маман­дарын даярлау – кезек күттірмейтін мәселе. Ауыл-аймақ, аудан орталықта­рында білікті кадрлар жеткілікті болса, алыс елдімекендегі тұрғындар ірі қалалар мен облыс орталықтарына барып, уақыт жоғалпайды» деді.
Кеңесте Жолдаудағы он басымдықты жеке-жеке талдаған ғылым докторы, профессор, академик Сабри Хизметли жастарға тек қажетті білімді ғана алу керек деген пікірін айтты. «Елбасының Жолдау экономикалық, әлеуметтік маңызы зор 10 бастаманы қолға алуды тапсырды. Біз жаңа технологияларды қолданысқа енгізгенмен, оны іс жүзінде кәдеге жарата білсек, әдіс-тәсілін жоғары дәрежеде жетік меңгерсек, ұтымды болар еді. Сол кезде ғана ғылым мен мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау саласында қызмет көрсетудің сапасы артады. Экономиканың күре тамыры – транзиттік жолдардағы логистика дамиды. Ресурстық әлеуетіміз артады. Мұның барлығын жүзеге асырудың көшбасында Жолдаудың 7-бағытында айтылған адам капиталын дамыту тұр. «Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жедел­дету қажет. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуы тиіс» деп Елбасы сапалы біліммен ғана дамыған елдердің көшіне ілесетінімізді айтты» деді академик Сабри Хизметли.
Жиынға қатысқан әртүрлі ұлттардың бірлестік басшылары қиын-қыстау заманда қамқор болған қазақ халқына алғыс айтты. Дағдарыс жағдайына қарамастан, әлеуметтік салаға айрықша мән беріп отырған Елбасыға ризашы­лығын білдірді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей Жолдауда айтылған тапсырмаларды жүзеге асыруға шақырды.

 

Майра ЖАНЫСБАЙ

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*