Бағалау жүргізудің маңыздылығына тоқталды

870
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібековті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Н.Әбдібеков Нұрсұлтан Назарбаевқа Есеп комитетінің 2017 жылғы жұмысының негізгі нәти­же­лері мен алдағы кезеңдегі міндеттері жө­нін­де баяндады.
Өткен жылдың қорытындысы бойын­ша бұл орган 354 нысанға 25 тексеру жүр­гізген. Аудиторлық іс-шаралар нәтиже­сін­де қайтарылуға тиісті 307,3 миллиард тең­генің 198,5 миллиарды өтелгенін мә­лім­деді.
Нұрсұлтан Назарбаев Есеп комите­тіне «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заң нормаларының жү­зеге асырылуын қамтамасыз етуді тап­сыр­ды.
Сонымен қатар Қазақстан Президенті бюджет қаражатын тиімді пайдалану ісі­не Есеп комитеті тарапынан неғұрлым мұ­қият бағалау жүргізудің маңызды­лығы­на тоқталып, заңбұзушылыққа жол бер­меу үшін жүйелі шаралар қарастыру ке­рек екенін айтты.
Мемлекет басшысы Есеп комитетінің өңір­дегі тексеру комиссияларының жұ­мы­сын үйлестіруде, сондай-ақ олардың қыз­метін жақсарту жөніндегі әдістемелік жә­не тәжірибелік ұсынымдарды әзірлеу ісін­де маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік аудит және қаржылық ба­қы­лау органдарының қызметін бұған дейін қабылданған нормативтік құқықтық ак­тілерге және мемлекеттік бағдар­лама­лар­ға сәйкес жетілдіру жөнінде бірқатар нақ­ты тапсырмалар берді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*