Жоғарғы сот кеңесі төрағасын қабылдады

1100
0
Бөлісу:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Анатолий Смолинді қабылдады.

Кездесуде А.Смолин Мемлекет бас­­шысына Жоғарғы сот кеңесінің 2017 жылғы қызметі және Қазақстан судьяла­рының VII съезінде берілген тапсырма­лардың орындалу нәтижелері жөнінде баяндады.
Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы сот кеңесінің сот төрелігінің сапасын арт­тыруды қамтамасыз ету мақсатымен мамандарды іріктеу жөнінде атқарып жатқан жұмысына тоқталды.
– Біз сот жүйесіндегі реформаны заң үстемдігін қамтамасыз ету үшін жүргі­зу­де­міз. Сот кадрларын іріктеуді әділетті жүр­­­­гізу үшін біз дербес Жоғарғы сот ке­ңе­­­­сін құрдық. Ол тәуелсіз және ешкімге ба­ғын­байды, – деді Қазақстан Прези­денті.
Елбасы Ұлт жоспарының 17-қада­мын іске асыру тұрғысынан судья лауазымына үміткерлерді іріктеу бары­сында мерито­кратия қағидатын бас­шы­­лыққа алу қажеттігіне назар аударды.
– Бұл кадрларды іріктеудің сапасын арттыруға тиіс. Тек әділ шешім қабыл­дайтындарды тағайындау керек. Адам­дар сонда ғана өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінетін болады, – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Анатолий Смолин Нұрсұлтан Назарбаевқа атқарып жат­қан қызметінің, соның ішінде Елбасы­ның Қазақстан халқына «Төр­тінші өне­р­кә­сіп­тік революция жағ­да­йындағы даму­дың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын іске асыру, сондай-ақ құқық қорғау қызметін реформалау аясында құрылған тергеу соттарының құрамын қалыптас­тыру барысындағы қызметінің перспек­тивті бағыттары жөнінде баяндады.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*