Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары

2461
0
Бөлісу:

1971 жылы Алматыда туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық универ­ситетін бітірген. Саяси ғылымдарының кандидаты.
Университетті бітіргеннен соң 1993 – 1994 жылы Баспасөз және бұқаралық ақпарат министр­лігі жүйесінде жұмыс істеді.
1994 – 1995 жылы – Қазақстан Республи­касы Жоғарғы кеңес депутатының көмекшісі.
1995 жылғы маусым-қараша аралығында – Қауіпсіздік кеңесі ап­паратының консультанты.
1995 – 1999 жыл аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Сараптау және стратегиялық зерттеулер орталығының бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, осы орталық жетекшісінің бірінші орынбасары.
1999 –2000 жылы – Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгеру­шісі.
2000 – 2002 жылы – Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгеру­шісі – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры.
2002-2005 жылы – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры.
2005 – 2006 жылы – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары.
2006 – 2011 жылы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары.
2012 жылғы ақпан – 2016 жылғы қаңтар аралығында – V сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы.
2016 – 2018 жылы – VІ сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы.
2018 жылдың 1 ақпанынан бастап – «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары.
«Құрмет» және «Парасат» ордендерімен марапатталған.
2003 жылы Джонс – Хопкинс университетінің Халықаралық зерттеулер мектебінде (АҚШ) ғылыми тәжірибеден өтті. 2016 жылы Тафтс университетінің (Tufts University) жанындағы Флетчер атындағы құқық және дипломатия мектебін (The Fletcher School of Law and Diplomacy) бітіріп, халықаралық қатынастар магистрі дәрежесін алған. Ағылшын тілін еркін меңгерген.

Бөлісу:

Пікір жазу


*