Теміржолшылар түгел қолдады

1149
0
Бөлісу:

Қызылордада «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция кезеңіндегі дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын түсіндіру және кеңінен талқылау мақсатында «Қамқор-Локомотив» ЖШС Қазалы локомотив жөндеу зауытында еңбек ұжымымен кездесу болып өтті. Кездесуге «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қасқырбек Өмірзақұлы Мәмбетжан, «Қамқор-Локомотив» ЖШС Қазалы Локомотив жөндеу зауытының бас инженері Раманқұл Алипов және ақпараттық топ мүшелері мен теміржолшылар  ұжымы, БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесу барасында сөз алған аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қасқырбек Өмірзақұлы «10 қаңтар 2018 жылғы Мемлекет басшысының жыл сайынғы халыққа Жолдауы 4- өндірістік революция жағдайында елді дамыту мәселесіне бағытталған. »

–Адамзат өндірістік революция кезеңіне қадам басты. Жаңа технологиялар  әлемді күнде өзгертіп жатыр. Қазақстан осы мүмкіндікті пайдаланып, дамыған 30 елдің қатарына кіру үрдісін тездетуі тиіс»-деді Мемлекет басшысы өз мәлімдемесінде. Жолдауда Елбасы жүзеге асырылуы тиіс 10 негізгі бағытты айқындаған. Бірінші кезекте Елбасы Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы керектігіне тоқталған. Заманауи технологияларды құрылыс саласында да пайдалану аса маңызды. Бұл халықтың баспана мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Президент мәлімдемесінде қаржы секторын қайта жаңғырту қажеттілігін айтады. Бұл қадам еліміздегі банк секторын жандандырады. Н.Ә.Назарбаев адами капиталдың сапасын арттыруды да сөз етті. «Халыққа сапалы білім алу үшін, сапалы медициналық қызмет көрсетілуі үшін барлық жағдай жасалуы керек, тиімді мемлекеттік басқару, жемқорлықпен күрес және заң үстемдігі-Жолдаудағы негізгі басымдылықтар»-деді.

Сондай-ақ кездесу барысында «Қамқор-Локомотив» ЖШС Қазалы Локомотив жөндеу зауытының бас инженері Раманқұл Алипов «Бұл Жолдау жаңа әлемге, яғни төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды. Елбасының бұл тарихи шешімінің нәтижелі жүзеге асуына атсалысамыз. Мекеме ұжымы елді болашақ дамыту мен өсіп-өркендетуге бағытталған шараларды қолдайтынына сенімдімін, –деді.

Жолдауды талқылауға арналған кездесуде ақпараттық топ мүшелері зауыт ұжымын Елбасымыздың Жолдауы елдің тұрақты дамуын қамтитын тарихи құжат болғандықтан, Жолдауды қолдап, тапсырмаларды орындап, әрі қарай еселі еңбекпен үлес қосуға шақырды.

Еркін ҚАЛДАН

Бөлісу:

Пікір жазу


*