Чехия президентін құттықтады

922
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Милош Земанға Чех Республикасының президенті лауазымына қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев М.Земанды Чех Респуб­ли­ка­­сы президентінің сайлауындағы жеңі­сімен құттықтады.
«Сіздің жеңісіңіз еліңізді одан ары да­мытуды көздейтін бағытыңызға де­ген халық сенімінің айқын дәлелі бо­лып саналады.
Біз биыл дипломатиялық қарым-қа­тынасымыздың 25 жылдығын атап өте­міз. Ширек ғасыр ішінде Қа­зақ­стан мен Чехия арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейге кө­теріл­геніне қуаныштымын.
Қазақстан мен Чехия арасындағы ынтымақтастық елдеріміздің игілігі үшін өзара серіктестік рухында жал­ға­са беретініне сенімдімін. Сізге зор денсаулық, жауапты қызметіңізге та­быс, достас Чехия халқына бей­біт­шілік пен бақ-береке тілеймін» де­лінген жеделхатта.

Бөлісу:

Пікір жазу


*