Жаңа тәжірибе енгізу көзделеді

1072
0
Бөлісу:

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен палата бюросының отырысы өтті. Онда Мәжілістің алдағы жалпы отырысында қаралатын мәселелер айқындалды. Жиынның күн тәртібіне сәйкес, «Кейбір заңнамалық актілерге коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа заң жобасы бірінші оқылымда талқыланады деп күтілуде.

Бұл құжатта мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде жүзеге асы­рылатын әлеуметтік жобалар тақырыптарын әзірлеу, сондай-ақ оларға мо­ниторинг жүргізу және олардың нәтижелерін бағалау процесі бары­сында мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және қоғам өкілдерінің өзара әрекеттестігінің жаңа тәжірибесін ендіру көзделеді.
Бұл практика жоғары деңгейдегі ашықтықты және азаматтардың кеңі­нен қамтылуын қамтамасыз ететін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жө­ніндегі арнайы ақпараттық ресурстың қызметін ұйымдастыруға не­гізделеді.
Сондай-ақ бюро отырысында депутаттар «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған шарттың же­келеген ережелерін қолдану туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын жалпы отырыста жұмысқа қабылдауды қарастырды.

 

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*