Даму жолындағы дара қадам

1237
0
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа жасаған ресми сапарының табысты өтуіне орай, Ақордаға Елбасының атына жан-жақтан құттықтау хаттар келіп түсуде.

Сондай хаттың бірін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, айтыс ақын­дары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының төрағасы Жүрсін Ерман жолдаған.
Хат иесі: «Сіз алпауыт Америка Құ­рама Штаттарының Президенті Д.Трамп­­­­­­­­пен терезеңіз тең дәрежеде кездескенде тақымымызды қысып отырдық. Орталық Азияның тәуелсіз мемлекетінің басшысы ретінде сізге лайықты құрмет көрсетілді. Басқа көршілердің алдында мерейіміз үстем болды. Қазақ елінің экономикалық даму жолындағы қадамдарына оң баға берілді. АҚШ-тың бізбен әріптес болуға ықылас танытуы – қазақстандықтардың мерейін өсірді. Бұл тарихи сапардың нәтижелері елімізді әлемдегі көшбасшы болып отырған санаулы мемлекеттердің сапына қосады. Айтыс ақындары Америка сапарын шабыттана жырлайтын болады» деп атап өткен.
Сонымен қатар еліміздің қарапайым тұрғындары да Мемлекет басшысының Америкаға сапарының нәтижелеріне тәнті болғанын хат арқылы жеткізген.
Шымкент қаласы №3 спорт мектебі директорының орынбасары Ж.Пірәлиев АҚШ президенті Д.Трамптың Нұрсұлтан Назарбаевты жоғары деңгейде қарсы алып, бізбен стратегиялық серіктес болуға мүдделілік танытуы еліміз үшін үлкен жеңіс екенін айтқан.
Бұдан бөлек, Алматы қаласының тұрғыны Г.Әбдікенов Президенттің аты­на жолдаған хатында АҚШ-тағы жоғары деңгейдегі кездесуді көрген сәтте Елба­сымыз үшін, Қазақ елі үшін мақтаныш сезіміне бөленгенін атап өткен.
Соңында хат иелері Қазақстан Пре­зи­­дентінің Мәңгілік ел мұраты жолын­дағы игі қадамдарына тілектестігін білдірген.

Бөлісу:

Пікір жазу


*