Цифрландыру бағдарламасы бекітілді

2031
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиевті қабылдады.

Кездесуде Мемлекет басшысына «Цифр­лы Қазақстан» мемлекеттік бағдар­ламасының іске асырылу барысы және бұған дейін берілген тапсырмаларды орындау үшін атқарылған шаралар жө­нінде баяндалды.
– Цифрландырудың арқасында Қа­зақстан экономикасы 30 пайызға өсуі керек, ол ақшаға шаққанда 2 триллион тең­геден асады, – деді Қазақстан Пре­зиденті.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда жинақталған тәжірибе мен құзыреттілікті сақтау үшін цифрландыру саласындағы мемлекеттік тапсырыстарды жүзеге асыру мәселелерін саралауға отандық бизнестің қатысуы қажет екенін атап өтті.
– Цифрландыру бағдарламасы бекі­тілді. Мемлекет оған аз ақша бөліп отыр­ған жоқ, сондықтан олардың тиімді пай­даланылуын қамтамасыз ету керек, – деді Мемлекет басшысы.
Асқар Жұмағалиев Қазақстан Пре­зидентіне «Цифрлы Қазақстан» бағдар­ламасының орындалуынан күтілетін нәтижелер жөнінде мәлімдеді.
– Цифрландыруды енгізудің арқа­сында өндіруші өнеркәсіпте өнімнің өзіндік құны төмендеп, өндіріс көлемі ұлғаяды. Сондай-ақ электронды ком­мерция саласында 200 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп отыр­мыз. Біздің есебіміз бойынша тек ке­ден және салық қызметтерін цифр­лан­дыру нәти­жесінде мемлекет қазынасына 100 мил­лиард теңгеден астам қаржы түседі, – деді Премьер-министрдің орын­басары.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев «Жа­һандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» атты халықаралық форумды өткізуге дайындық жөніндегі есепті тыңдап, бір­қатар нақты тапсырма берді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*