Елбасы АҚШ сапарын қорытындылады

1194
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарына ресми сапарының қорытындылары жөнінде кеңес өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кеңеске Президент Әкімшілігінің бас­шысы Ә.Жақ­сы­беков, Президенттің кө­мекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хат­шы­сы В.Жұмақанов, Президенттің кө­мек­шілері Н.Онжанов пен Ә.Смайылов қа­тысты.
Мемлекет басшысы АҚШ-қа ресми са­парының аясында өт­кізілген кездесу­лер­ді қорытындылап, қол жеткізілген уағ­да­ластықтарды жүзеге асыру үшін бір­қатар нақты тапсырма бер­ді.
– Сапар табысты болды. Ең бастысы, нақ­ты мәселелер бойын­ша нақты уағ­да­лас­тықтарға қол жеткіздік, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен қатар Қазақстан Президенті шетелдік компа­ния­лармен экономикалық ынтымақтастықты нығайтып, да­мыту жөніндегі міндеттерді іске асырудың маңыз­дылығын атап өтті.

Бөлісу:

Пікір жазу


*