Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті

1024
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Жиында Қазақстан Президентінің Аме­рика Құрама Штаттарына ресми сапа­ры­ның нәтижелері мен қол жеткізілген уағ­даластықтарды жүзеге асыру жөніндегі ша­ралар қарастырылды.
– Біз бүгін Қазақстан делегациясының АҚШ-қа ресми сапарының қорытын­ды­сын, соның ішінде АҚШ президенті Дональд Трамппен, вице-президент Майкл Пенспен, басқа да басшылармен өткен келіссөздердің нәтижелерін талқылаймыз. Сондай-ақ еліміздің мүддесі үшін бұл уағ­да­ластықтардың орындалуына септігін ти­гізетін шараларды қарастыру қажет, – де­ді Елбасы.
Қазақстан Президенті АҚШ-тың ірі ком­па­нияларымен және қаржы институт­тары­мен жасалған келісімдерді іске асыру мә­селелеріне ерекше назар аударды.
– Біз америкалық бизнес «капитан­да­ры­мен» нақты уағдаластықтарға қол жет­кіз­дік. Бұлар біздің экономикамызға, әсі­ресе инновацияны енгізу, цифрландыруды дамыту және Қазақстанға инвестициялар мен жаңа технологияларды тарту сала­лары­на тың серпін беретін болады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Соңында Елбасы Қазақстан мен Аме­ри­каның жоғары деңгейдегі диалогы елі­міздің экономикасын дамыту және өңірдегі қауіпсіздікті нығайту тұрғысынан маңызды екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесі оты­рысының қорытындысы бойынша бір­қатар нақты тапсырма берді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*